Мобильный телефон в руке, архивное фото

Жалған ақпарат тарату үшін көбінесе "аналар" чаттары қолданылады SputnikPro сарапшысы

266
Пандемия кезінде дүрбелең тудыратын жалған ақпараттар вирустардан да тез таралады. SputnikPro сарапшысы қандай фейктердің "белгілері" бар екенін және оларды қалай тануға болатындығын айтып берді   

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Коронавирус пандемиясы кезінде бүкіл әлемде жалған ақпарат таралып жатыр, оның да теріс салдары болады. SputnikPro ағарту жобасының сарапшылары журналистер мен блогерлерге арналған шеберлік сағатында фейктерді қалай әшкерелеуге болатынын және оны не үшін жасау қажеттігін айтып берді.

"Пандемия мен карантиннің аясында біз инфодемияға тап болдық. Яғни, жалған жаңалықтар көбейді, мұндай кезде адамдардың ақпарат оқитын уақыты көп болғандықтан, олар тез таралады", - дейді РИА Новостидің "Не верю!" фейкке қарсы подкасының жүргізушісі Игорь Кривицкий.    

Эксперты SputnikPro, ведущие антифейкового подкаста РИА Новости Не верю! Наталия Шашина и Игорь Кривицкий
© Sputnik / Скриншот страницы вебинара SputnikPro
SputnikPro сарапшылары, РИА Новостидің "Не верю!" фейкке қарсы подкасының жүргізушілері Наталия Шашина мен Игорь Кривицкий

Ол фейктердің ұқсас белгілері бар екенін айтып, олардың негізгілерін тізіп шықты.

Олардың ішінде:

  • хабарлама жасырын және эмоционалды;
  • адамға сендіру мәнерін қолданады;
  • тексеруге болатын фактілер жоқ;
  • адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнгені туралы, көптеген адам құрбан болатыны жайлы мәлімет бар;
  • билік ақпаратты жасырып отырғаны туралы жиі айтылады;
  • болған жағдайдың "шынайы" ауқымы жайлы хабарланбағаны баса айтылады;
  • құқық қорғау органдарындағы "өз адамын", туысы немесе танысын дереккөз ретінде көрсетеді.
"Жалған жаңалықтарды көбінесе жалқау адамдар қолданады. Бізге бірдеңені тауып оқудан гөрі жаңалықты жібере салу оңай", - деді Кривицкий.

Мәселен, фейктер ресми ақпараттарға қарсы қойылады, өз шындықтарын дәлелдеуге тырысады.

Тағы бір танымал тәсіл – "сарапшылығы" мәселе тудырмайтын танымал медиа тұлғаға сілтеме жасалады. Бұған коронавируспен күресу үшін сарымсақ жеу қажет деген аудиофейк мысал бола алады. Қазақстанда аудио танымал дәрігер Жақсылық Досқалиевтің атынан, ал Ресейде профессор Леонид Рошальдың атынан таратылды.  

Жалған ақпарат кейде кішкене шындықпен күшейтіледі, ол адамды қанша жерден керемет болса да, фейкке тұтастай сенуге мәжбүр етеді.

Фейкті не істеу керек

Кривицкий, ең алдымен, дереккөзді іздеуге кеңес береді. Егер ол табылса, "бірден тексеру оңай: Кім? Қашан? Кімге? Неге? Бұл кімге пайдалы?".

"Сыни тұрғыдан ойлауды және қайта тексеруге параноидты бейімділігіңізді дамытыңыз. Егер бойыңызда эмоция, үрей, жақын адамдар үшін қорқыныш, ашу болса, егер алғашқы реакция эмоционалды болып, кейін ғана қайта ойлана бастасаңыз,бұл хабарламаның фейк емес екеніне көз жеткізіңіз", - деп кеңес береді журналист.

Сарапшының айтуынша, мәтін, фото және видео фейктердің дәлдігін тексеру қиын емес, кілт сөздерді, аты-жөндердің, кадрлардың скриншоттарын іздеу жүйелерін қолдана отырып анықтауға болады.

Кривицкий мысал ретінде киберқауіпсіздік бойынша сарапшылардың бірінің пікірін келтірді.   

"Дүрбелеңге бейім ата-аналар, "аналар" және басқа топтарға тітіркендіретін ақпараттар жіберіледі. Адамдар күйгелектене бастап, оны жаппай таратады. Содан кейін ол әлеуметтік желілерге, содан кейін бұқаралық ақпарат құралдарына ауысады. Барлығы алдын ала дайындалады, ал уақыты келгенде оларды белгілі бір мақсат үшін пайдаланады", - деп түсіндірді сарапшы.

SputnikPro ағарту жобасы туралы

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген  маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

2018 жылдың наурызынан бері оған 80 елдің өкілі қатысқан. SputnikPro шеберлік сағаттары мен семинарлары Әзербайжан, Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде ұйымдастырылды.

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы туралы

Sputnik – ірі халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының бірі, ол 33 тілдегі мультимедиялық интернет-сайттарды, әлемнің 90-нан астам қаласында және интернетте орыс, ағылшын, француз және басқа тілдердегі баламалы және цифрлық радиохабарды біріктіреді. Sputnik-тің жаңалықтар таспасы тәулік бойы әлемдегі жетекші басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілінде ақпарат жеткізеді.

266
Тақырып бойынша
Адамдар ақпараттық фастфудтан мезі болды – SputnikPro сарапшысы
Қазақстандық волонтер репортаж кейіпкері болуы үшін не істеуі керек?
SputnikPro: сұхбат алу кезінде коронавирусты жұқтырып алмау жолдары айтылды
Павлодарлық журналист Sputnik Қазақстанның арнайы жүлдесін алды
SputnikPro: танымал спортшылардың онлайн жаттығулары журналистерге қалай көмектеседі  
Жалған ақпаратқа жол жоқ: SputnikPro журналистер үшін онлайн-маусым ашты
Архивтегі фото

SputnikPro: басқа адамның суретін авторлық құқықты бұзбай қалай пайдалануға болады

83
Фотосуреттердің интернетте қолжетімді болуы оларды автордың келісімінсіз пайдалануға болады дегенді білдірмейді. SputnikPro сарапшысы жаңалықтарды суретпен жариялау кезінде жағымсыз жайттардың алдын алу жөнінде кеңес берді  

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. "Россия сегодня" ХАА зияткерлік құқық бөлімінің бастығы Анна Черницына басқа біреудің фотосуреттерін рұқсатсыз пайдаланудың қандай құқықтық салдары болатынын айтты.

Ол SputnikPro жобасы аясындағы вебинарда спикер ретінде сөйледі.

"Барлық фото, тіпті смартфонға түсіріліп, әлеуметтік желідегі жеке парақшада жарияланған "жұпыны" суреттер де авторлық құқықпен қорғалады", - деп түсіндірді заңгер.

Әлеуметтік желілердегі иллюстрацияларды қолданатын кезде БАҚ өкілдері жазба авторына сұрау салуы керек.  

"Жазба авторларының құқық иелері екеніне алдын ала көз жеткізгеннен кейін, олардан рұқсат сұрау керек. Көбінесе жазба авторлары өздері жариялаған фотосуреттердің құқық иесі болмай жатады. Құқық иесі құқығының бұзылғаны туралы шағым түсіруі мүмкін", - дейді Черницына.

Дауды болдырмаудың ең сенімді нұсқасы – жазбаша келісімшарт жасасу немесе құқық иесінен қолхат алу. Егер бұл мүмкін болмаса, e-mail, әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы рұқсат алу қажет. Сонымен қатар жазбаның астында хат жазыспаған жөн, өйткені оны жойған кезде жазба сақталмайды.

Әлеуметтік желілерден фотосуреттерді компьютерге сақтау арқылы, Print Screen пернелерін пайдалану арқылы көшіруге барлық-дерлік әлеуметтік желінің ережесінде тыйым салынған.

"Фотосуреттің скриншоты және видеодан стоп-кадр алу құқық иесінің сотқа шағымдану қаупін тудырады. Мұндай әдісті қолданудан бас тарту ұсынылады", - деп кеңес берді ол.

Егер рұқсат алу мүмкін болмаса, журналист мұндай фотосуретті пайдаланбағаны жөн.

Егер интернеттен табылған фотосуреттің авторы табылмаса және сайт суретті қолдануға болатындығын көрсетсе, бұл солай істеуге  рұқсат етіледі дегенді білдірмейді. Қалай болғанда да іздеу жүйелері арқылы авторды табу қажет. Сурет өз құқығын қатаң қорғайтын беделді агенттікке тиесілі болуы мүмкін.

Егер сурет іс-шарада, мысалы, мектептегі сап түзеу кезінде түсірілсе, онда ата-аналардан балалардың суреттерін қолдануға рұқсат сұраған жөн. Олардың келісімін камераға жазып алу керек.

Сарапшының айтуынша, адам түсірмеген фотосуреттер авторлық құқық объектісі болып саналмайды. Мысалы, фото және кино түсіру функциялары бар арнайы техникалық құралдармен автоматты түрде жасалынатын фотосуреттер, соның ішінде фотосуреттер жасау үшін арнайы жабдықталған кабиналарда түсірілген фотосуреттер (құжаттарға, ойын-сауық мақсаты үшін) кездеседі. Бұл тізімге жануарлар түсірген суреттер де жатады.

"Мысалы, маймыл жасаған әйгілі селфиді алайық. Бұл өте сирек кездесетін жағдай", - деді ол.

SputnikPro жобасының алтыншы онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Беларусь, Армения, Молдова, Абхазия және Осетия БАҚ өкілдері қатысты.

SputnikPro – Sputnik ақпарат агенттігінің халықаралық жобасы, онда жетекші медиа менеджерлер мен журналистер шеберлік сабақтарын, тұсаукесерлер мен тренингтер өткізеді.  

83
Қарақұмық

ЕАЭО-дан азық-түлік экспорттауға шектеу 30 маусымда алынуы мүмкін ЕЭК

159
Қазіргі уақытта ЕАЭО елдерінен қарақұмық, күріш, ұн және тағы басқа кейбір тауарларды шығаруға шектеу қойылған  

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен азық-түлік экспортына қойылған шектеу 30 маусымда алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы Sputnik Армения халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында өткен онлайн-конференцияда Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Артак Камалян мәлімдеді.  

"ЕАЭО-дан азық-түлік экспорттауға шектеу 30 маусымнан кейін ұзартылуы екіталай", - деді министр.

Оның айтуынша, қазір ЕАЭО қосымша қор құрғысы келетіндіктен, кейбір азық-түлік өнімдеріне шектеу қойып отыр.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың салдарынан ЕАЭО өзара саудасы төрттен бір есеге төмендейді 

Қарақұмық жармасы, күріш, ұн, пияз, сарымсақ, кейбір жемістер мен көкөністер, сондай-ақ консервілерді шығару шектелген.

"Қазір ЕАЭО елдерінің экспорттаушылары үшін көптеген азық-түлік тауарына сұраныс ұсыныстан асып түсуі мүмкін үшінші елдердің нарығында орнығып алуға жақсы мүмкіндіктер жасалып жатыр", - деді министр.

Болашақта ЕАЭО-да азық-түлік қауіпсіздігінің біртұтас тұжырымдамасы талқыланады, елдер бір-бірінің азық-түлік қажеттіліктерін толықтыру мәселесін қарастырады.

Мұндай шешім егер Арменияда немесе Қырғызстанда жүзім болса, оны Ресейде немесе Беларусте өсірмеуге, ал Ресейде немесе Беларусте қант қызылшасы болса, оны Арменияда өсірмеуге мүмкіндік береді.

159
Кілт сөздер:
ЕАЭО, экспорт, азық-түлік
Тақырып бойынша
Коронавирус пандемиясы кезінде Тоқаевтың жұмыс кестесі қалай өзгерді?
Ресей ЕАЭО елдеріне коронавирусты зерттеу үшін 70 мыңнан астам тест берді
ЕАЭО елдері тауар тапшылығы болған жағдайда не істейді
Қазақстан президенті ОПЕК+ келісіміне қатысты пікір білдірді
ЕАЭО елдерінің премьерлері не жөнінде келісті?
Астанадағы жол апаты

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды - 13 адам ауруханаға жеткізілді

17
(Жаңартылды 21:05 29.05.2020)
КамАЗ жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Жолаушылар түрлі жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр - Sputnik. Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлады полиция департаменті.

Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе жатқан (Досмұхамедұлы көшесінен Жаңажол көшесіне дейінгі бөліктегі "Гелиос" жанармай стансасына қарсы).

1994 жылы туған жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетті. "МАН" маркалы автобуспен соқтығысты.

Тағы оқыңыз: "Бәрі аш деп айқайлады": Жолаушы автобустың ішінде не болғанын айтып берді

Апат салдарынан автобустың 13 жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Екі адамның дене мүшесі сынған, өзгелері түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Оқиғаға қатысты тергеу басталды.

17
Кілт сөздер:
аурухана, апат, автобус, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Автобустың ішінде отырған 42 адам тірідей жанып кетті
Автобустың шатыры жұлынып кетті: Қордайдағы жол апатының фотолары жарияланды
Ақтөбеде өртенген автобустың видеосы жарияланды
Алматыда ер адам автобустың астына жатып алды – видео
Шымкентке коронавирус кіргізген адаммен бір автобуста отырған жолаушылар іздестірілуде