Қарақұмық

ЕАЭО-дан азық-түлік экспорттауға шектеу 30 маусымда алынуы мүмкін ЕЭК

159
Қазіргі уақытта ЕАЭО елдерінен қарақұмық, күріш, ұн және тағы басқа кейбір тауарларды шығаруға шектеу қойылған  

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен азық-түлік экспортына қойылған шектеу 30 маусымда алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы Sputnik Армения халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында өткен онлайн-конференцияда Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Артак Камалян мәлімдеді.  

"ЕАЭО-дан азық-түлік экспорттауға шектеу 30 маусымнан кейін ұзартылуы екіталай", - деді министр.

Оның айтуынша, қазір ЕАЭО қосымша қор құрғысы келетіндіктен, кейбір азық-түлік өнімдеріне шектеу қойып отыр.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың салдарынан ЕАЭО өзара саудасы төрттен бір есеге төмендейді 

Қарақұмық жармасы, күріш, ұн, пияз, сарымсақ, кейбір жемістер мен көкөністер, сондай-ақ консервілерді шығару шектелген.

"Қазір ЕАЭО елдерінің экспорттаушылары үшін көптеген азық-түлік тауарына сұраныс ұсыныстан асып түсуі мүмкін үшінші елдердің нарығында орнығып алуға жақсы мүмкіндіктер жасалып жатыр", - деді министр.

Болашақта ЕАЭО-да азық-түлік қауіпсіздігінің біртұтас тұжырымдамасы талқыланады, елдер бір-бірінің азық-түлік қажеттіліктерін толықтыру мәселесін қарастырады.

Мұндай шешім егер Арменияда немесе Қырғызстанда жүзім болса, оны Ресейде немесе Беларусте өсірмеуге, ал Ресейде немесе Беларусте қант қызылшасы болса, оны Арменияда өсірмеуге мүмкіндік береді.

159
Кілт сөздер:
ЕАЭО, экспорт, азық-түлік
Тақырып бойынша
Коронавирус пандемиясы кезінде Тоқаевтың жұмыс кестесі қалай өзгерді?
Ресей ЕАЭО елдеріне коронавирусты зерттеу үшін 70 мыңнан астам тест берді
ЕАЭО елдері тауар тапшылығы болған жағдайда не істейді
Қазақстан президенті ОПЕК+ келісіміне қатысты пікір білдірді
ЕАЭО елдерінің премьерлері не жөнінде келісті?
Компьютер, интернет

SputnikPro сарапшылары сайтты ыңғайлы етуге қатысты кеңес берді

0
Веб-аналитиканың маңызды болуының бірнеше себебі бар. Ол арқылы аудиторияны, интернет-ресурстың техникалық тұсы мен тұтынушылардың әрекетіне талдау жасауға болады

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр — Sputnik. Web-аналитика не үшін керек, сайт статистикасын бақылау кезінде оның жүйелері қалай жұмыс істейді? Бұл сауалдарға журналистер мен блогерлерге арналған SputnikPro вебинарында "Россия сегодня"  халықаралық ақпарат агенттігінің веб-сарапшысы Игорь Тугушев жауап берді.

Сарапшы "Титаник" апатын мысалға келтіре отырып, web-сараптаманың маңыздылығы туралы айтты.

Скриншот вебинара SputnikPro с веб-аналитиком МИА Россия сегодня Игорем Тугушевым
© Sputnik /
SputnikPro вебинарының скриншоты

"Трагедия не үшін болды? Басты себеп - капитан мен орынбасарының салғырттығы, алайда екінші себеп - навигациялық құралдардың әлсіз болуы", - деді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта навигациялық кешендер дамып кетті.

"Титаник пен сіз интернет мұхитына жіберетін интернет-сервисті салыстыруға болады. Егер заманауи навигациялық құралдар қолданылмаса, мұхитта көзді жұмып жүзгендей боласыз", - деді маман.

Web-аналитика - интернет-ресурстың мәліметтерін жинау мен талдауға арналған шаралар кешені. 

Тугушев статистика жинаудың негізгі клиенттік жүйелерін атады: Google Analytics, Liveinternet, Рейтинг mail.ru, Яндекс Метрика.

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

2018 жылдың наурызынан бері оған 80 елден 3 мыңнан астам өкіл қатысқан. SputnikPro шеберлік сағаттары мен семинарлары Әзербайжан, Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде ұйымдастырылды.

0
Архивтегі фото

SputnikPro: басқа адамның суретін авторлық құқықты бұзбай қалай пайдалануға болады

83
Фотосуреттердің интернетте қолжетімді болуы оларды автордың келісімінсіз пайдалануға болады дегенді білдірмейді. SputnikPro сарапшысы жаңалықтарды суретпен жариялау кезінде жағымсыз жайттардың алдын алу жөнінде кеңес берді  

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. "Россия сегодня" ХАА зияткерлік құқық бөлімінің бастығы Анна Черницына басқа біреудің фотосуреттерін рұқсатсыз пайдаланудың қандай құқықтық салдары болатынын айтты.

Ол SputnikPro жобасы аясындағы вебинарда спикер ретінде сөйледі.

"Барлық фото, тіпті смартфонға түсіріліп, әлеуметтік желідегі жеке парақшада жарияланған "жұпыны" суреттер де авторлық құқықпен қорғалады", - деп түсіндірді заңгер.

Әлеуметтік желілердегі иллюстрацияларды қолданатын кезде БАҚ өкілдері жазба авторына сұрау салуы керек.  

"Жазба авторларының құқық иелері екеніне алдын ала көз жеткізгеннен кейін, олардан рұқсат сұрау керек. Көбінесе жазба авторлары өздері жариялаған фотосуреттердің құқық иесі болмай жатады. Құқық иесі құқығының бұзылғаны туралы шағым түсіруі мүмкін", - дейді Черницына.

Дауды болдырмаудың ең сенімді нұсқасы – жазбаша келісімшарт жасасу немесе құқық иесінен қолхат алу. Егер бұл мүмкін болмаса, e-mail, әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы рұқсат алу қажет. Сонымен қатар жазбаның астында хат жазыспаған жөн, өйткені оны жойған кезде жазба сақталмайды.

Әлеуметтік желілерден фотосуреттерді компьютерге сақтау арқылы, Print Screen пернелерін пайдалану арқылы көшіруге барлық-дерлік әлеуметтік желінің ережесінде тыйым салынған.

"Фотосуреттің скриншоты және видеодан стоп-кадр алу құқық иесінің сотқа шағымдану қаупін тудырады. Мұндай әдісті қолданудан бас тарту ұсынылады", - деп кеңес берді ол.

Егер рұқсат алу мүмкін болмаса, журналист мұндай фотосуретті пайдаланбағаны жөн.

Егер интернеттен табылған фотосуреттің авторы табылмаса және сайт суретті қолдануға болатындығын көрсетсе, бұл солай істеуге  рұқсат етіледі дегенді білдірмейді. Қалай болғанда да іздеу жүйелері арқылы авторды табу қажет. Сурет өз құқығын қатаң қорғайтын беделді агенттікке тиесілі болуы мүмкін.

Егер сурет іс-шарада, мысалы, мектептегі сап түзеу кезінде түсірілсе, онда ата-аналардан балалардың суреттерін қолдануға рұқсат сұраған жөн. Олардың келісімін камераға жазып алу керек.

Сарапшының айтуынша, адам түсірмеген фотосуреттер авторлық құқық объектісі болып саналмайды. Мысалы, фото және кино түсіру функциялары бар арнайы техникалық құралдармен автоматты түрде жасалынатын фотосуреттер, соның ішінде фотосуреттер жасау үшін арнайы жабдықталған кабиналарда түсірілген фотосуреттер (құжаттарға, ойын-сауық мақсаты үшін) кездеседі. Бұл тізімге жануарлар түсірген суреттер де жатады.

"Мысалы, маймыл жасаған әйгілі селфиді алайық. Бұл өте сирек кездесетін жағдай", - деді ол.

SputnikPro жобасының алтыншы онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Беларусь, Армения, Молдова, Абхазия және Осетия БАҚ өкілдері қатысты.

SputnikPro – Sputnik ақпарат агенттігінің халықаралық жобасы, онда жетекші медиа менеджерлер мен журналистер шеберлік сабақтарын, тұсаукесерлер мен тренингтер өткізеді.  

83