АҚШ президенттік сайлауы

Америкалықтарға президенттік сайлау жүйесі ұнамайды

44
(Жаңартылды 19:51 10.11.2016)
АҚШ тұрғындары арасында сауалнама жүргізу нәтижесінде америкалықтардың біраз бөлігі "бір адам-бір дауыс" дауыс беру жүйесіне өтуді жақтайтыны анықталды.

АСТАНА, 10 қар –Sputnik. Sputnik.Пікір сауалнамасының мәліметі бойынша америкалықтардың көпшілігі (60%) АҚШ-тағы сайлау жүйесін өзгерткісі келеді. Және америкалықтардың жартысына жуығы (45%) "бір адам – бір дауыс" жүйесіне толықтай көшуді жақтайды.

Сауалнаманы Sputnik ақпараттық агенттігі және радиосының тапсырысы бойынша TNS UK зерттеу компаниясы өткізді.

"АҚШ-тағы қазіргі дауыс беру жүйесімен келісесіз бе?" деген сұраққа америкалықтардың 15%-ы қазіргі жүйе мен "бір адам – бір дауыс" жүйесін біріктіретін жаңа алгоритмге көшуді қалайтындықтарын айтты. АҚШ тұрғындарының 22% ғана қазіргі жүйенің өзгеріссіз қалуын жақтайды,  16% "білмеймін" деп жауап берді және 2% басқа жауап нұсқаларын ұсынды.

Сауалнама нәтижесі
© Sputnik/
Сауалнама нәтижесі

Сауалнама АҚШ-та 2016 жылы 3-7 қараша аралығында жүргізілді. Оған 18-64 жас аралығындағы 1012 қатысушы жауап берді. 

Sputnik.Пікір туралы мәлімет

Қоғамдық пікірді зерттеу жөніндегі халықаралық жоба 2015 жылы қаңтарда іске кірісті. Жоба серіктестері – танымал зерттеу компаниялары Populus, Ifop және forsa. 

Sputnik — ондаған елдерде мультимедиялық ақпараттық хабы бар жаңалықтар агенттігі және радиосы. Sputnik агенттігінің 30-дан астам тілдердегі сайттары, аналогтік және сандық көрсетілімдері, ұялы телефондарға арналған қосымшалары және әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Sputnik жаңалықтар лентасы тәулік бойы ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде шығады

44
Тақырып:
АҚШ президенттік сайлауы (11)