Sputnik Қазақстан НТВ-ның "Ты супер!" шоуының жас қатысушыларына қолдау көрсетеді

© Photo : NickbarӘнші қыз
Әнші қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның намысын қорғайтын қатысушыларды жуық арада ресми өкілдермен бірге Мәскеуге аттандырады

АСТАНА, 16 қаң – Sputnik баспасөз қызметі. Sputnik ақпараттық агенттігі және радиосы "Ты супер!" таланттар шоуының халықаралық ақпараттық серіктесі ретінде жобаның Қазақстандағы жас қатысушылары: НТВ-ның алдын ала жүргізген кастингі барысында таңдалған Владимир Сарафутдинов (Орал), Владислав Лоскутов (Өскемен), Сабанқұлова Рано (Қызылорда) және Корнеев Романға (Алматы)  қолдау білдіреді. 

НТВ-ның "Ты супер!" жобасы ата-анасының қамқорысыз қалған дарынды балаларға өздерін көрсетуге мүмкіндік сыйлайды. Оған балалар үйі, интернат-мектептерінің тәрбиеленушілері және асырап алған отбасылардың балалары қатысады. Таланттар шоу жүргізілетін уақыт бойы Sputnik өз ресурстарында елдегі және шеттегі оқырмандарына конкурсанттардың сәттіліктері мен жеңістерін онлайн-күнделіктер мен шоудың тікелей көрсетілімі форматында бақылауға мүмкіндік береді.   

© Sputnik / Сергей Ким"Ты – супер!" шоуының жас қатысушысы Роман Корнеев
Ты – супер! шоуының жас қатысушысы Роман Корнеев - Sputnik Қазақстан
1/4
"Ты – супер!" шоуының жас қатысушысы Роман Корнеев
© Sputnik / Сергей Ким"Ты – супер!" шоуының жас қатысушысы Владислав Лоскутов
Ты – супер! шоуының жас қатысушысы Владислав Лоскутов - Sputnik Қазақстан
2/4
"Ты – супер!" шоуының жас қатысушысы Владислав Лоскутов
© Sputnik / Облыстық балалар үйі, БҚО"Ты – супер!" шоуының жас қатысушысы Владимир Сарафутдинов
Ты – супер! шоуының жас қатысушысы Владимир Сарафутдинов - Sputnik Қазақстан
3/4
"Ты – супер!" шоуының жас қатысушысы Владимир Сарафутдинов
© Photo : Қызылорда қаласы жанұялық типтегі балалар үйі"Ты – супер!" шоуының жас қатысушысы Рано Сабанқұлова
Ты – супер! шоуының жас қатысушысы Рано Сабанқұлова - Sputnik Қазақстан
4/4
"Ты – супер!" шоуының жас қатысушысы Рано Сабанқұлова
1/4
"Ты – супер!" шоуының жас қатысушысы Роман Корнеев
2/4
"Ты – супер!" шоуының жас қатысушысы Владислав Лоскутов
3/4
"Ты – супер!" шоуының жас қатысушысы Владимир Сарафутдинов
4/4
"Ты – супер!" шоуының жас қатысушысы Рано Сабанқұлова

Агенттіктің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында барлық қалаушы өз дауысын шоудың ұнатқан қатысушысына дауыс бере алады. 

Қазақстан атынан шоуға қатысатындар жақын арада ресми өкілдер — педагогтарының алып жүруімен Мәскеуге жол жүреді.  Жоба аясында жобаға қатысушылармен кәсіби педагогтар мен музыкалық продюссер жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар шоу кезінде оқушылар мектеп бағдарламасы бойынша сабақтарын жалғастыра алады. 

"Ты супер!" конкурсы Ресейдің білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. ТМД және Балтық кеңістігіндегі музыкалық дарындарды Армения, Беларусь, Грузия, Молдова,  Қазақстан, Қырғызстан және Эстонияны қосқанда 9 елдің балалары ұсынады. Жобаның жүргізушісі Вадим Такменев болады. Балалар вокалдық "Ты супер!" конкурсының премьерасы НТВ телеарнасында 18 ақпан күні өтеді.

Жоба туралы толық ақпаратты НТВ сайтынан алуға болады. Музыкалық таланттар шоуының жаңалықтарын Sputnik Қазақстан ресурстарынан бақылаңыздар. 

НТВ – федералдық көрсетілімді жүзеге асыратын Ресейдегі ірі мемлекеттік емес телекомпания. 1993 жылғы қазанда алғашқы эфирге шыққаннан бері НТВ отандық теле нарықтың алғашқы үштігіне нық кіруде. НТВ халықтың 99,2%-ын қамтып, РФ-ның барлық субъектілерінде таратылады.Ресейден  тысқары – жақын шетелдер, Еуропа және Таяу Шығыс, сонымен қатар Солтүстік Америка мен Австралия елдеріндегі орыс тілді көрермендер үшін НТВ-Мир және НТВ-Америка – екі халықаралық нұсқа жасайды. Құрылған уақыттан бастап НТВ басты телевизиялық жанрларды жасап, дамытып келеді. Арнаның бағдарламалары арасында дәстүрлі түрде журналисттік тергеулер, қоғамға маңызды тақырыптардағы пікірталастар көш бастайды. Және ең алдымен жаңалықтар мен сараптама НТВ-таратылымының негізі. 

НТВ ұжымының кәсібилігі Ресей мен бүкіл әлемде мойындалған. Жыл сайын НТВ-ның репортерлері, шолушылары мен жүргізушілері жоғары үкіметтік және журналистік марапаттар алады. Ойын-сауық жобалары – шытырман оқиғалы отандық сериалдар мен фильмдер, әлеуметтік және ойын сауық бағдарламалары, ойындық шоулар – беделді сыйлықтардың бірнеше рет иегерлері атанған. 

Sputnik Қазақстан елімізде 2016 жылы қыркүйектен бастап қызмет етіп келеді. Агенттік активіне қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық портал, ғаламторлық радио және жоғары технологиялы мультимедиялық баспасөз орталығы кіреді. Sputnik Қазақстан ондаған елдерде таралған халықаралық ақпараттық агенттік пен радионың құрамдас бөлігі болып табылады. Sputnik агенттігінің 30-дан астам тілдердегі сайттары, аналогтік және сандық көрсетілімдері, ұялы телефондарға арналған қосымшалары және әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Sputnik жаңалықтар лентасы тәулік бойы ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде шығады.

Жаңалықтар
0