"Мәңгілік даңқ – онлайн" шеруі қалай өтеді

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуПодготовка к участию в акции "Бессмертный полк онлайн"
Подготовка к участию в акции Бессмертный полк онлайн - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Мәңгілік даңқ – онлайн" шеруіне қатысушылардың саны ол өтетін уақытқа бір апта қалғанда миллионға жуықтады

Биыл коронавирустың таралуына байланысты Жеңіс күніне орайластырылатын Мәңгілік даңқ дәстүрлі шеруі көптеген елде онлайн режимінде өтеді. "Ресейдің мәңгілік даңқы" бүкілресейлік қоғамдық қозғалысының жобасы қалай ұйымдастырылатыны туралы 7 мамырда сағат 19:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты) "Россия сегодня" ХАА баспасөз орталығында өтетін онлайн-конференция барысында айтылады.

Баспасөз конференциясының трансляциясын Sputnik Қазақстан сайтында көруге болады.

"Мәңгілік даңқ – онлайн" деп аталатын "Ресейдің мәңгілік даңқы" бүкілресейлік қоғамдық қозғалысының жобасын жүзеге асыруға бір аптадан сәл астам уақыт қалғанда қатысушылар саны миллионға жақындады.  

Онлайн шеруге қатысу үшін ардагердің суретін мына алаңдарда орналастыруға болады: 2020.polkrf.ruok.ru/app/immortal-regiment, vk.com/polk_appsber9may.ru.  

"Сбербанк" ЖАҚ және Mail.ru Group жобаның серіктесі болды, басты ақпараттық серіктес – "Аргументы и факты" баспа үйі, ал Таяу шетелдердегі ресми ақпараттық серіктес – Sputnik халықаралық агенттігі.

Онлайн шеруге қатысуға шақыратын немесе оны өз ресурстарында таратқысы келетін серіктестердің саны тұрақты түрде артып жатыр. Осылайша жоба туралы халықты ақпараттандыруға Ресей мәңгілік даңқының тұрақты ақпараттық серіктесі "Россия Сегодня" ХАА, сондай-ақ ТАСС ақпарат агенттігі мен Мегафон және Теле2 ұялы байланыс операторлары қосылды.

Онлайн-конференцияға қатысушылар:

  • "Ресейдің мәңгілік даңқы" бүкілресейлік қоғамдық қозғалысы орталық штабының тең төрағасы Сергей Макаров;
  • "Ресейдің мәңгілік даңқы" бүкілресейлік қоғамдық қозғалысы атқарушы комитетінің басшысы Артем Хуторской;
  • Сбербанк басқарма төрағасының орынбасары Станислав Кузнецов;
  • Mail.ru Group бас директорының бірінші орынбасары Владимир Габриелян;
  • "Жеңіс еріктілері" бүкілресейлік қоғамдық қозғалысы орталық штабының төрағасы Ольга Амельченкова.
Жаңалықтар
0