Telegram

Әлеуметтік желілер ықпалды саяси алаңға айналды SputnikPro сарапшысы

40
(Жаңартылды 23:04 04.09.2020)
Әлеуметтік желілер ықпалды саяси алаңға айналып, әлем жаңа ақпараттық дәуірге қадам басты, деп пікір білдірді Армен Гаспарян

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Sputnik мультимедиа орталықтары дирекциясының таяу шетел және Балтық елдеріндегі радиоконтент өндірісі бөлімінің бастығы Армен Гаспарян дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары Беларусьтегі оқиғаларға неге дайын болмағанын айтты.    

"Әлеуметтік желілер ықпалды саяси алаңға айналды" деп атап өтті сарапшы. Ол Беларусьтегі наразылық кезінде Telegram каналдары бірінші болып көрерменнің назарын аударғанын, ал дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары артта қалғанын мысалы ретінде келтірді.   

Оның айтуынша, әуелі БАҚ әлеуметтік желілердегі ақпарат алаңын елемей, уақыт жоғалтты.

Гаспарян ақпараттық соғыс кезінде тараптардың бірі әрқашан есе  жіберетінін баса айтты. Бұл жағдайда "артта қалған" Беларусь бұқаралық ақпарат құралдары болды.

"Ақылға қонымсыз жағдайлар болды: Лукашенканың сөйлеген сөздерінің бірін беларусь бұқаралық ақпарат құралдары таратпады, өйткені дәстүрлі БАҚ техникалық жағынан дайын болған жоқ. Салдарынан басқа елдің бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілді, ал беларусьтар өте кеш таратты", - деп түсіндірді ол.

Наразылық акцияларының екінші аптасында беларусь бұқаралық ақпарат құралдары жағдайды сарапшылар қауымдастығы есебінен түзету керек екенін түсінді, деп атап өтті Гаспарян.

"Билік өзіне деген сенімділікке ие бола бастады, олар ақпаратпен басқаша жұмыс істеуге болатындығын көрді", - дейді ол.

Гаспарян дәстүрлі медианың SMM мамандарының көпшілігі кәсіпқой емес деп есептейді, олар ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы жариялау технологияларын жете білмейді.

БАҚ трендте болғысы келсе, жаңа медиаға деген көзқарасын өзгертуі керек, деп толықтырды Гаспарян.

"Telegram – бүгінгі күннің қозғаушы күші екенін түсіну керек. Ертең Tik-Tok, Instagram алға шығуы мүмкін, ол мүлдем жаңа әлеуметтік желі болуы да ғажап емес. Осының бәрін мұқият бақылап, өзің үшін дұрыс қорытынды жасау керек" , - деді сарапшы.

SputnikPro білім беру жобасының он сегізінші онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Абхазия және Осетия БАҚ өкілдері қатысты.

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.    

40
Зертхана

ЕАДБ қоры коронавируспен күрес жобаларын қаржыландырады видеокөпір

16
Еуразия даму банкінің цифрлық бастамалар қоры COVID-19 індетімен күрес жөніндегі үздік цифрлық интеграциялық шешімдерге конкурс жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Sputnik ақпарат агенттігі 4 қыркүйек күні сағат 14:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) COVID-19 індетімен күрес жөніндегі үздік интеграциялық цифрлық шешімдер байқауына арналған Мәскеу - Бішкек - ​​Ереван - Минск - Нұр-Сұлтан видеокөпірін өткізеді.  

2020 жылдың 30 маусымында Еуразия даму банкі (ЕАДБ) цифрлық бастамалар қорын құрды, оның басты міндеті – ЕАДБ-ға мүше мемлекеттерге цифрлық трансформация құралдары мен тәжірибелерін қалыптастыруға көмек көрсету.

Қордың алғашқы бастамасы 2 қыркүйекте жарияланған COVID-19 індетімен күрес жөніндегі үздік интеграциялық цифрлық шешімдерге арналған конкурс болды.

Оқи отырыңыз: ДДҰ коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеулер тізіміне қосты 

Цифрлық бастамалар қоры не үшін құрылды және оның жұмысының негізгі бағыттары қандай? Қор жариялаған конкурсқа кім қатыса алады және қаржыландыруды қалай алуға болады? Қордың жарғылық капиталы қалай және ол ненің есебінен қалыптасады?

Осы және басқа сұрақтарға ЕАДБ басқарма төрағасының орынбасары Тигран Саркисян Sputnik ақпарат агенттігінің Мәскеу-Бішкек-Ереван-Минск-Нұр-Сұлтан видеокөпірі кезінде жауап береді.

Бұқаралық ақпарат құралдарын Sputnik Қазақстан сайтында және агенттіктің Facebook парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін видеокөпірді көруге шақырамыз.

16
Кілт сөздер:
Еуразиялық экономикалық одақ, коронавирус
Тақырып бойынша
Бекшин көп реттік маскаға айыппұл салу жайлы сұраққа жауап берді
"Бетперде тағуға болмайды": Петропавл мектептеріне қатысты шешім шықты
COVID-19: Қазақстанда індет жұқтырғандар саны 106 мыңға жуықтады
Үш сценарий әзірленді – Алматыда COVID-19 күзгі толқынына дайындалып жатыр
Түркия коронавирустың "екінші шыңына" қатысты мәлімдеме жасады
Архивтегі фото

 SputnikPro сарапшысы деректер журналистикасының ерекшеліктерін түсіндірді

77
Экономика, қаржы терминдерімен оқырмандардың басын қатырмау үшін жаңалықты қалай жазуға керек, үлкен көлемдегі деректермен тиімді жұмыс істеуге қандай құралдар көмектеседі – БАҚ өкілдеріне арналған кәсіби кеңестер

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Көрші елдердің журналистеріне арналған SputnikPro вебинарында "Россия сегодня" ХАА РИА Рейтинг агенттігінің қаржы институттарын талдау басқармасының бастығы Андрей Манько басқа БАҚ назар аударатын зерттеу негізіндегі жаңалықты қалай жазуға болатынын айтты.

"Зерттеудің екі түрі болады: кабинеттегі – компьютерде отырып, бір жерден мәлімет аласыз және сауалнама – адамдардан жауап аласыз. Сауалнамамен жұмыс істеу едәуір қиын. Әр анкета 10-30 сағатта жиналады. Бір нәрсені жіберсе, бір нәрсені жібермейді. Егер  адам-сағатыңыз көп болса, анкета жүргізуге кеңес беремін. Статистикаға қатысты айтсақ, оны үнемі қадағалап отырамыз", - деп атап өтті ол.

Оның пікірінше, зерттеу ақпараттық анықтамалыққа айналуы үшін белгілі бір өлшемдерге сәйкес келуі тиіс.

"Оның сапасы жоғары болуы тиіс. Сапалы зерттеулер де, жай ғана танымал зерттеулер де болады. Онда жаңалық болуы керек: кейде ақпарат сізге мезі болғандай көрінуі мүмкін, бірақ ол шын мәнінде олай бола бермейді, мүмкін сіздің көзіңіз бұлдыраған шығар", - деп түсіндірді сарапшы.

Әдістеме және деректерді жинау сапасы да сақталуы тиіс. Әрине, тақырыптың өзектілігі маңызды.

Андрей Манько ақпарат сандар мен есеп деректеріне толы болған кезде жаңалық дайындауда не нәрсеге назар аудару керектігін түсіндірді.  

"Егер ол рейтинг, құрылымдалған мәліметтерден тұрса, бәсекелес элементтер қызықты болады. Мысалы, бәсекелес елдер бар, оларды салыстыра аласыз. Егер есеп болса, онда өзіңді қызықтыратын нәрсе туралы жазу керек", - деп есептейді ол.

Оның айтуынша, адамдарға абсолютті сан қызық емес, олар динамикаға қызығушылық танытады.

"Динамика алуан түрлі және көп. Адамдар ауқымды түсінбейді, оларға адами құндылықтар берілуі керек" - деді Андрей Манько.

Оқырмандарды мына тақырыптар қызықтырады:

  • ақша - депозит, кредит, зейнетақы;
  • денсаулық - жақсы немесе нашар медициналық қызмет, өмір сапасы;
  • балалар, соның ішінде олардың білімі;
  • демалыс – нені және қалай қарау керек.

"Барлығын салыстыру тақырыбы да қызықты. Ақпаратты беру формасы: кесте, графикалар, инфографика, видео. Міндетті түрде жақсы мәтін болуы тиіс, оны дайындау керек, ал журналистер бір жерден көшіріп алады. Атауы: тақырып қызықты және тартымды, бірақ дәл болғаны дұрыс. Тепе-теңдікті сезіну керек", - деді ол.

Автор ақпаратты іздей білуі тиіс.

"Мысалы, іздеу жүйесінде ақпаратты арнайы кодтық сөйлемдер мен таңбаларды қолдана отырып іздеуге болады, оны жасай білу керек. Машина өңдеген мәтіннің арқасында жұмыс жеңілдейді. Сіз не істеп және не үшін істеп жатқаныңызды түсінуіңіз керек. Бір жағынан, жұмыс азаяды, ал екінші жағынан, ол өзгеріске ұшырайды, соған икемделу керек", - деп атап өтті Андрей Манько.

SputnikPro білім беру жобасының оныншы онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Абхазия және Осетия БАҚ өкілдері қатысты.

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.  

77
Ағылшын ауылының тұрғындары

Қазақстандық олигарх британияда 200 үй салғалы жатыр: тұрғындар наразылық білдірді

0
БАҚ қазақстандық олигархтың ағылшын ауылындағы сатып алған жеріне 200-ден астам үй салғалы жатқанын хабарлады

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. XII ғасырда іргесі қаланған ұлыбританиялық Ист-Хосли ауылының тұрғындары қазақстандық миллионер Нұрлан Бизақовты сотқа беруге дайын отыр. Қазақстандық сол аймақтағы өзіне тиесілі жылқы зауыты аумағына 205 тұрғын үй кешенін салғалы жатыр, ал тұрғындар бұған наразылық танытуда, деп жазды Daily Mail.

Басылымның хабарлауынша, ауыл тұрғындары бұл құрылыс сол елді мекеннің тарихи келбетін бұзатынына сенімді.

2010 жылы Нұрлан Бизақов Шығыс Сассексте Hesmonds жылқы зауытын сатып алған. Жергілікті тұрғындар бастапқыда бұл жаңалыққа қуанған еді, себебі олигарх зауыттың көркеюіне миллиондаған доллар қаржы құйды.

Алайда жақында Бизақовтың сол аймаққа 205 тұрғын үй салуға рұқсат алғаны белгілі болды. Енді тұрғындар миллионерге және оның бұл жоспарына қарсы болып отыр, олар тіпті Бизақовпен сот арқылы күресуге дайын.

Қазақстандық олигархтар Лондондағы пәтерлерін сатып жатыр: байлар неден қашты? 

Ауылда шамамен 500 үй бар. Алайда тағы екі жүз үй салу туралы жаңалық тұрғындарды қуантпады.

"Барлығы Бизақовтың миллиондаған қаражат құйғанына қарап оны керемет деп санайды. Алайда мұндай ауқымды құрылыс бірегей ауылды құртады, бұл елді мекеннің іргесі мың жыл бұрын қаланған. Бизақов Францияға (Бизақовтың бұл елде де жылқы зауыты бар – Sputnik) тарихи ауылды жоюдан тапқан миллиондаған қаражатты өзімен бірге алып кеткенде ғана бұл іс шешілетіндей көрінеді", - деді жергілікті тұрғындардың бірі Джонатан Уокер.

2017 жылы Нұрлан Бизақов Forbes рейтингісі бойынша Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің қатарына енді. Оның байлығы 445 миллион доллар деп бағаланды. Әр жылдары Бизақов Қазақстанның ұлттық компанияларында жоғары қызметтер атқарған.

0
Кілт сөздер:
бизнесмен, Ұлыбритания
Тақырып бойынша
Қазақстандық бай-манап елді шулатқан Париждегі қымбат үйін сатып жатыр
Олигарх Мақсат Әріптің 17 миллион доллар тұратын үйіне бұғау салынды
Министр Нұрымбетов ауқатты адамдар қай өңірлерде тұратынын айтты