Күзгі жаңбыр

Қазақстанда таяу үш күнде жауын жауады деп күтілуде

49
(Жаңартылды 11:11 29.09.2016)
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста бұлтты ауа райынан кей жерлерде қатты жаңбыр, сондай-ақ 16-25 жылыға дейін температураның жайлап төмендеуі күтіледі.

АСТАНА, 29 қыр— Sputnik.  Синоптиктер Қазақстанда 29 қыркүйек-1 қазан аралығында ауа-райы жауын-шашынды болады деп болжауда деп хабарлайды "Қазгидромет".

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның барлық аумағы үш тәулік ішінде циклонның ықпалында болады.

"Фронтальды бөліктердің өтуімен оңтүстікте және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр сақталады",-делінген хабарламада.

Республиканың батысында және солтүстік жартысында 10-20 жылыға дейін, орталық және шығыс аймақтарда 13-23 жылыға дейін төмендейді.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста бұлтты ауа райынан кей жерлерде қатты жаңбыр, сондай-ақ 16-25 жылыға дейін температураның жайлап төмендеуі күтіледі.

49