Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі

Жәрмеңкеге Қарағандыдан әкелінген еттің еш зияны жоқ

15
Шенеуніктер Қарағанды өңірінің еті мұқият тексеруден өткен, адам денсаулығына зияны жоқ екеніне кепілдік беріп отыр.

Астана, 7 қаз – Sputnik.  Демалыс күндері Астанада өтетін жәрмеңкеге Қарағанды облысынан 70 тоннаға жуық ет әкелінеді, шенеуніктер Қарағанды өңірінің еті мұқият тексеруден өткен, адам денсаулығына зияны жоқ екеніне кепілдік беріп отыр.

Биыл жазда Қарағанды облысының бірнеше аудандарында күйдіргі дерті тарап кеткен болатын. Соның нәтижесінде, екі адам көз жұмып, он шақтысы ауруханаға жатқызылды. Күйдіргі ауру малдан жұқтырылған еді.

"Күйдіргі оқиғасы басталғалы бері Қарағанды облысында дертке қарсы барлық шара орындалған болатын. Қазір бірде-бір дүкен немесе мейрамханаға, бірде-бір базарға құжаттар мен зертханалық сараптамасыз бірде-бір келі ет өткізілмейді. Сапа жоғары деңгейде, тиісті құжаттар 100 пайызға дайын", — деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Шагурашид Мамалинов Астанада өткен брифингте.

Осы сенбі 8 қазанда өтетін жәрмеңкеге Қарағанды облысының өнімдері шығарылады.


15