Жансейіт Түймебаев

Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды

121
Түймебаев бұл қызметке Бейбіт Атамқұловтың орнына келді. Бейбіт Атамқұлов жақында құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарады.

Астана, 7 қаз – Sputnik. Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып сайланды деп хабарланды Ақорда сайтында.

Түймебаев бұл қызметке Бейбіт Атамқұловтың орнына келді. Бейбіт Атамқұлов жақында құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарады. 

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы 8шілдеде Қазақ АСР Шымкент облысы Алғабас ауданы Қайнар ауылында дүниеге келді. 

Ғылыми-педагогикалық қызмет атқарған. Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті болып істеген, филология ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін иеленген.

1993 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет етті. Бірінші хатшы, бөлім бастығы болған. Кейін Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінде қызмет еткен. Стамбул қаласындағы Қазақстан Республикасы консулдығының басшысы болып тағайындалды.

1999 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы президентінің протокол қызметі басшысы.

2004 жылдан бері – Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы президентінің протокол қызметі басшысы.

2006 жылы 1 ақпаннан бері — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2007 жылы 19 қаңтардан бастап 2010 жылға дейін білім және ғылым министрі қызметін атқарды.

2010 жылдың 7 қазанынан бастап Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ал 2011 жылы 3 наурызда – Албаниядағы елші қызметін қоса атқарушы болды.


121