Қар аралас жаңбыр

Қазақстанның көп аймақтарында 9 қазан күні жауын-шашын болмақ

18
(Жаңартылды 14:17 09.10.2016)
Қазақстанның көп аймақтарында 9 қазан жексенбі күні жауын-шашын болмақ, тек батыс және оңтүстік аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз.

Астана, 9 қаз – Sputnik.  Қазақстанның көп аймақтарында 9 қазан жексенбі күні жауын-шашын болмақ, тек батыс және оңтүстік аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің соғуы секундына 15-20 метрге жетеді деп хабарланды Қазақстан ІІМ ТЖ бойынша Комитеті сайтында.

Синоптиктердің мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстанда түнде кей жерлерде тұман түседі. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, күндізгі уақытта Маңғыстау және Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде өрт шығу қаупі күшейеді.  


18