Өңірлер

Дүйсенбі күніне арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуКүз
Күз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның біраз облыстарында желдің ұйытқуы секундына 20 метрге дейін жетеді.

Астана, 10 қаз – Sputnik.  Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталді бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын болады деп хабарлайды "Қазгидромет". 

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік аймақтарда ауа райы жауын шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, желдің ұйытқуы 15-20 м/с.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің ұйытқуы 15-20 м/с. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің ұйытқуы 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің ұйытқуы күндіз 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің ұйытқуы 15-20 м/с. Атырау облысында кей жерлерде күндіз-түні тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарында кей жерлерде өрт шығу қаупі күшейеді.  


Жаңалықтар
0