Астанаға алғашқы қар түсті

Сәрсенбіде Қазақстан тұрғындарын жауын-шашынды ауа райы күтеді

17
(Жаңартылды 10:19 12.10.2016)
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі.

АСТАНА, 12 қаз — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" мемлекеттік метеоқызметі.

Синоптиктердің болжамынша, тек батыста және оңтүстік-шығыс аудандарда жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ,  15-20 м/с екпінде жел болады.

Оңтүстік Қазақстан, Манғыстау, Қостанай, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының  кей жерлерінде тұман,  көктайғақ күтіледі.

17