Өңірлер

Қазақстанның бес облысында дауылдық ескерту жарияланды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

АСТАНА, 12 қаз — Sputnik. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

"12-13 қазанда түнде Батыс Қазақстан, Атырау,  13 қазанда түнде Маңғыстау, 13-14 қазанда түнде Қызылорда облыстарында ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. 13 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысында жауын шашын, таңертен және күндіз кей жерлерде қатты жауын шашын, таулы аймақтарда жауын соңы қарға ұласады, кей уақытта тұман күтіледі. 13-15 қазанда түнде кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік күтіледі", — делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігін үсік шалып, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.

Жаңалықтар
0