ҚР бас прокуратурасы

Асанов Қарағанды облысы прокурорларын жазалады

13
Қарағанды облысы прокурорына сөгіс жарияланып, облыстық қадағалау органдарының үш жетекшісі қызметінен босатылды.

АСТАНА, 12 қаз — Sputnik. Бас прокурор Жақып Асанов Қарағанды облысы және Теміртау қадағалау органдарының бірқатар жетекшілерін қызметтен босату туралы бұйрыққа қол қойды.

Қазақстанның Бас прокуратурасы мәліметінше, 10 қазандағы бұйрық бойынша қызметтен босатылған, бірақ прокуратура қарауына қалдырылғандар қатарында Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары Рашид Дубаев, облыс прокуратурасының қылмыстық процесстің сот алды кезеңінің заңды жүргізілуі бойынша басқармасы бастығы Алмас Әбдақасов және Теміртау қаласының прокуроры Біржан Шәулиев бар.

Қарағанды облысының прокуроры сөгіс алды.


13