Өңірлер

10 қараша күні Қазақстанда жауын-шашын, көктайғақ болады

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуҚыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елдің көптеген аймақтарында төменнен соққан боран болып, қар жауады; көктайғақ болады; республиканың оңтүстік-батыс,оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

АСТАНА, 10 қар — Sputnik. Қазақстан территориясының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады деп хабарлады Қазгидромет баспасөз қызметі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, төменнен соққан боран болады, желдің ұйытқуы – 15-20 м/с.

Ақмола облысында – тұман, көктайғақ, төменнен соққан боран, түнде және таңертең желдің ұйытқуы – 15-20 м/с.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде желдің ұйытқуы – 15-20 м/с, төменнен соққан боран болады.

Жамбыл облысында – тұман, түнде және таңертең желдің ұйытқуы – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында синоптиктердің болжауынша тұман түседі, күндіз желдің ұйытқуы – 15-20 м/с.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Павлодар облысында түнде төменнен соққан боран болып, желдің ұйытқуы 15-20 м/с жетеді.

Жаңалықтар
0