Көшелерді қардан тазарту

Қысқы паралич: Шығыс Қазақстанды қар басып, қозғалыс қиындады

12
Қоғамдық және жек көліктердің қозғалысы қала ішінде де, трассаларда да қиындады. Өскеменде трамвайлар желіге шыққан жоқ, қалың қардан автобустар аялдамаға жақындай алмай өтіп жатыр.

АСТАНА, 10 қар –Sputnik. Шығыс Қазақстанда қар қалың жауды. Қалалар мен аудандарда көлік қозғалысы жартылай тоқтап қалды. Синоптиктердің мәліметінше, өңірде жақын күндері боран соғып, қар жауады.

Сәрсенбі күні 9 қарашада, ТЖ жөніндегі департаменттің мәліметінше, ШҚО-да екі трасса жабылды: республикалық – Өскемен – Шемонаиха – РФ және облыстық – Семей – Қарауыл. Жолдар қардан тазартылғаннан кейін көлік қозғалысы қайта қалпына келді. Облыс орталығында көліктік коллапс орнады: қала көшелерін тазарту үшін бір дегенде 25 техника жұмылдырылды. 

Бүгін Өскемен – Бобровка ауылы жолында 17 жолаушысы бар автобус тұрып қалды. "Арнайы бөлім қызметкерлері жылдам өтетін техникаға мініп, қар басып қалған трассадан тұрғындарды қалаға дейін жеткізді", — деп хабарлады ТЖД. Олардың мәліметінше, қазіргі уақытта "112" нөміріне жәрдем сұрап хабарласқандар жоқ. Жолдар барлық бағытта ашылды.

Ауа райының қолайсыздығы Өскемен қаласында да көлік қозғалысын қиындатты. Жолдарды қар басып қалғандықтан, қоғамдық көліктер қаланың шет аудандарына жете алмай жатыр. 

Барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. ТКШ мәліметінше, қалада 66 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Облыс орталығында бір тәулік ішінде 25 сантиметр қар жауған.

Шығыс Қазақстан тұрғындарына қала аралық сапарларын кейінге қалдыруға кеңес беріледі. 

12