Полиция

Павлодарлық полицей мүгедек адамнан кешірім сұрады

14
ІІМ қоғамдық кеңесі аймақтардағы полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерін тексеруде. Павлодарда полицей мүгедек адамға дөрекілік танытқаны үшін кешірім сұрауға мәжбүр болды.

АСТАНА, 10 қар –Sputnik. Павлодар облысының ІІД қызметкері мүгедек адамға дөрекілік танытқаны үшін кешірім сұрады деп хабарлады ішкі істер органдары қызметі жөніндегі қоғамдық кеңестік төрағасы Марат Қоғамов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Павлодарда жарымжан ер адам қоғамдық қызметкерлерге талай рет шағым айтып келгенімен, оны қайта-қайта бір адамға жібере берген. Ал, ол қызметкер, Марат Қоғамовтың сөзіне қарағанда, мүгедек жанға немқұрайлы қараған көрінеді.

"Ішкі істер органдарының жекелеген қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің төмендігіне қатысты мәселелер бар. Соның салдарынан шағым көбейеді. Келесі бір себеп – немқұрайлылық. Мәселен, Павлодар қаласында облыстың ІІД басшысы қызметін атқарушыға мүгедек адамның тарапынан дөрекілік көрсетті деген шағым түсірілген болатын. Мен мұны министр мен ішкі қауіпсіздік қызметіне айтып жеткіздім, нәтижесінде дөрекілік танытқан адам жарымжан кісіні өзі қабылдап, ресми түрде кешірім сұрады. Міне, осы жағдайдан кейін әлгі адам бізге хат жазуын қойды", — деді Қоғамов полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекетін тексеру туралы брифингте.

Жалпы айтқанда, қазіргі уақытта Маңғыстау және Атырау облыстарында азаматтардан ең көп шағым түседі. Сол аймақтарда алаяқтыққа қатысты арыздар жиі беріледі екен.

14