Тұман

Қар мен тұман: елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

6
(Жаңартылды 15:19 10.11.2016)
Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режимде жұмыс істеуде

АСТАНА, 10 қар — Sputnik. Ауа райының өзгеруіне байланысты қалалық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қар жинау жұмыстары таңғы сағат 8-ден бастап жүргізілуде, барлық аудандардың аумағында 211 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Қаланы санитарлық тазарту жұмыстарына 335 адам тартылды.

"Астана Тазалық" ЖШС мәліметтеріне сәйкес, 12 қазаннан 9 қарашаға дейінгі аралықта қаланың барлық аудандарында көктайғаққа қарсы реагент қолданылды (1852,5 т. м құм-тұз қоспасы, 389,90 тонна "Айсмелт" реагенті себілді, 7229 т. м қар шығарылды)", — делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін күн бұлтты, оқтын-оқтын қар жауады, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 914 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Күндіз 13°С суық болады.

Ертең, 11 қараша күні көшпелі бұлт шығып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде —3-5°С, күндіз —2-4°С суық болады.

 


6