Өңірлер

Сағынтаев жолдардағы кептеліс үшін Астана әкімін сөкті

© Sputnik / Болат ШайхиновАстанада қар тазалау
Астанада қар тазалау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір күн бұрын жауған қар қаланың құтын қашырды. Көптеген кептелістер пайда болып, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге өткізілді.

АСТАНА, 14 қар — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жауған қарға байланысты жолдарда пайда болған кептелістер үшін Астана әкімі Әсет Исекешевті сөкті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысын аша отырып, Астана әкімі Әсет Исекешевке қарата "бүкіл қала тұрып қалып, барлығы жұмысқа кешігіп жатқанын" айтты.  

"Шын мәнінде, бізде ауы райы кенеттен өзгерді. Біз дайындалдық. Түні бойы, сағат 2-ден бастап  жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы, жолдар таза. Бірақ қардың көп жауғанына байланысты шынымен де үлкен кептелістер пайда болды. Меніңше, жақын арада бәрі реттеледі. Түні бойы барлық көліктер жұмыс істеп, көшелер толық тазартылды", — деді Исекешев.

"Бұл сіздің әкім қызметіндегі алғашқы қысыңыз, алғашқы сынағыңыз деуге болады. Одан сүрінбеу өтуіңізге тілектеспіз», — деп түйіндеді премьер.

Қала әкімдігінде хабарлағандай, 14 қараша күні қала көшелерінде көше тазартуға 369 техника бірлігі тартылып, 363 жол жұмысшылары жұмылдырылған. 

 

Жаңалықтар
0