Өңірлер

Астана бірден салынған жоқ: 5 жылда қалада 10 млн ш.м. астам тұрғын үй салынады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуҚұрылыс
Құрылыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жыл сайын елордада шамамен 2 миллионға жуық шаршы метр тұрғын үй салынатын болады.

АСТАНА, 17 қар — Sputnik. Мемлекеттік бағдарламалар аясында және жеке инвестициялар арқылы салынатын барлық жобаларды есепке алғанда алдағы 5 жылда Астанада 10 млн ш.м. астам тұрғын үй салу көзделіп отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Бұл 100 мыңнан астам пәтер. Бұл туралы бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев тұрғын үй құрылысын дамыту мәселесі бойынша құрылыс компаниялары өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді. Жылына орта есеппен 2 млн. м2 тұрғын үй салынатын болады. 

Жақып Асанов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бас прокурор үлескерлерге: жаңа алаяқтарды көбейтпеңдер

Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Астанада 1807 мың м2 тұрғын үй немесе 16 671 пәтер пайдалануға берілді, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 130%-ға артық. Бұл ретте, бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 189 мың м2 болатын 2 500 пәтер тапсырылды.

Қазіргі уақытта 273 көп пәтерлі, көп қабатты және аз қабатты коммерциялық тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр, олардың жалпы ауданы — 7 млн. 246 мың м2 (бұл 75 мыңға жуық пәтер), 281 мың м2 (85 мың пәтер) жобалану кезеңінде.

Сонымен қатар, іске асырылып жатқан бағдарламалардың шеңберінде бюджет көздерін тарту арқылы жалпы ауданы 1 млн. 400 мың м2, пәтер саны 23 мың болатын 37 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде.

"19 жыл ішінде Астанада 17 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Үстіміздегі жылы біз тағы 2 миллион м2 астам баспананы тапсыруды жоспарлап отырмыз. Тұрғын үй құрылысы көлемінің жыл сайынғы өсім қарқыны Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың шеңберінде мемлекеттік қолдау бағдарламаларын іске асырудың арқасында сақталып отыр.

Біз әлемнің жаһандық қалаларының даму тәжірибесін зерттеп, алдағы перспективаларының және негізінен қаланың бағдарламалық құжатында іске асыру жолдарының кешенді көрінісі әзірленді. Қаланың келешектегі дамуы экологиялық таза технологияларды және қоғамдық кеңістіктерді үйлесімді абаттандыруды өзара байланыстыру арқылы қарастырылуда", — деп атап көрсетті Астана әкімі Әсет Исекешев.


Жаңалықтар
0