Өңірлер

Байбек: бұл өңірде мұндай қалың қар түспеген еді

© SputnikҚар жамылған Алматы
Қар жамылған Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы төрт күн ішінде оңтүстік елордадан шығарылған қар көлемі былтырғы қыста шығарылған қар көлемінен асып кетті.

АСТАНА, 22 қар – Sputnik. Қазақстан өңірлерінің әкімдері сейсенбі күні үкімет отырысында қар және аязға қарсы күрес нәтижелері туралы есеп берді; оның ішінде ерекше көзге түскен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің сөзіне сүйенсек, қар тазалау еңбекақысын 20%-ға көтеруге тура келіпті.

"Қала территориясы өте үлкен  - 700 шаршы километр, сонымен қатар қосымша тіркелген территорияларды қардан тазарту біраз қиындық келтіруде. Өйткені осы төрт күн ішінде 95 мың метр куб қар шығарылды, бұл өткен жылы қыс бойы шығарылған қар көлемінен асып кетті", — деді Байбек.

Қар жамылған Алматы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы қар жамылды

Басқа өңірлерде, әкімдердің сөзіне сенсек, Алматымен салыстырғанда жағдай анағұрлым жақсы екен. Қарағанды облысы әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтың айтуынша, өңірде жылыту кезеңі "өз уақытында басталып, штаттық режимде жүріп жатыр". 

"Басты проблема – Теміртауда, ауа температурасы төмендеуі салдарынан су таратқыш жарылып кетті, қазір комбинат бұл апаттық жағдайдан біртіндеп шыққалы жатыр. Қазіргі уақытта апаттық жағдай толықтай жойылды десек болады. Басқа елді мекендер бойынша бәрін қадағалап отырмыз", — деді ол.

Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов орталықтан ештеңе сұрамады. "Қыс штаттық режимде өтіп жатыр, ауа температурасы сәл өзгеше, — деді әкім өңірде әлі күз мезгілі екендігіне қарамастан. – Барлығы нормаға сәйкес және нормадан артық мөлшерде көмір қорымен қамтамасыз етілді, біз жағдайды бақылап отырмыз. Осал тұстарымызды жақсы білеміз, қай жерде қандай шара қолдану керектігін түсінеміз", — деп жауап берді Ахметов, Астана тарапынан қойылған сұрақтарға.

Жаңалықтар
0