Өңірлер

Қазақстанда тағы да жүк вагондары рельстен шығып кетті

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КТЖ"Жүк вагондары
Жүк вагондары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Семей-Шар телімінде вагондардың релсьтен шығып кетуінен ешкім зардап шеккен жоқ.

АСТАНА, 7 жел – Sputnik. Сәрсенбі күні таңертең он екі жүк вагоны рельстен шығып кетті деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Жүк вагондар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қарағанды облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

"7 желтоқсанда 9 сағат 20 минутта Семей жол бөлімшесінің Семей-Шар телімінде № 2305 жүк пойызының жүк тиелген 12 вагоны жолдан шығып кетті. Зардап шеккендер жоқ", — делінген хабарламада.

Хабарламада оқиғаның себебін анықтауға "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жанынан арнайы комиссия құрылғандығы айтылды.

Жаңалықтар
0