Өңірлер

Ірі қара малдың 2 мың терісі тиелген жүк көлік Қырғызстан шекарасында тоқтатылды

© Sputnik / Михаил Кухтарев / Медиабанкке өтуТерілер
Терілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құжаттары жоқ терілерді 26 жасар қазақстандық апара жатқан, ол Жамбыл облысының шығысында ұсталды.

АСТАНА, 12 жел – Sputnik. Қазақстан азаматы ірі қара малдың екі мыңға тарта терісін жүк көлікке тиеп, заңсыз Қырғызстанға шығармақ болды деп хабарлайды ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Бірқазандар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
РФ-да қазақстандық бірқазанның кептірілген бастарын заңсыз әкелгені үшін сотталды

Шекара қызметінің мәліметінше, Қордай шекара отряды, "Қарасу авто" өткізу пунктінің қазақстандық шекарашылары Қырғызстан шекарасында 26 жастағы ҚР азаматын ұстады.

Ер адам ірі қара малдың терісін тиісті құжаттарсыз өткізбек болған. Ұсталған азамат 2 мыңдай тері тиелген КамАЗ жүк көлігіне мініп, Қазақстаннан Қырғызстанға бет алған. 

Бұл туралы Қордай аудандық прокуратура өкілдеріне хабар беріліпті. 

Жаңалықтар
0