Бұрқасын

Қазақстанда сәрсенбі күні қатты боран мен көктайғақ сақталады

10
(Жаңартылды 09:09 14.12.2016)
Басым аймақтарда тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

АСТАНА, 14 жел — Sputnik. Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты бұрынғыша тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Павлодар облысында жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады.  

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын,  көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ,  бұрқасын  болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз   жел 15-20 м/с күшейеді.  Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман болып,  жел 17-22 м/с  күшейеді.  Жамбыл  облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Атырау облысыың кей жерлерінде бұрқасын болады. Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.  

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі,  жел  15-18 м/с күшейеді.  Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Алматы облысының Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 18-23м/с күшейеді, түнде   кей жерлерінде тұман болады.

 

10