Павлодардағы көпірдің ашылуы

Павлодарда Орталық Азиядағы ең ірі көпір ашылды

39
Орталық Азиядағы ең ұзын көпір – Павлодардағы Ертіс өзенінде салынды.

АСТАНА, 14 жел – Sputnik. Ақсудағы жаңа көпір Орталық Азиядағы ең ірі көпір атанды, ол сәрсенбі күні 14 желтоқсанда Павлодар қаласында салтанатты түрде ашылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Құттықтау сөзін сөйлеген Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында салынған ең ірі инфрақұрылымдық жобаны іске қосты. Оны BI Group компаниясы салды.

Павлодардағы көпірдің ашылуы
© Foto: Тамара Аубакарова
Павлодардағы көпірдің ашылуы

Көпір қалааралық және халықаралық көліктік жүк тасымалын жүзеге асырып, 40 шақырымдай жолды үнемдеуге мүмкіндік береді. Көпір арқылы салмағы 180 тонналық,  жылдамдығы сағатына 120 километр автопойыздар өте алады.

Көпірдің құрылысы 2013 жылы тамыз айында Елбасы тапсырмасымен басталған. Оған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы атауы берілді, сол себепті тұсаукесері осы жылдың ең мерейтойлық күні қарсаңында өтті.  

39