Петропавл халықаралық әуежайы

Петропавлдың халықаралық әуежайы реконструкциядан кейін ашылды

5
Әуе айлағы Алматы мен Асанаға рейстер жіберіп жатыр

АСТАНА, 14 жел — Sputnik. Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Петропавл қаласында халықаралық әуежайдың жолаушылар терминалы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнің баспасөз қызметі.

Петропавл халықаралық әуежайы 1974 жылдан бастап қызмет етiп келедi. Осы уақыт аралығында мұнда алғаш рет ауқымды жөндеу жұмысы жүргiзiлдi. Терминалды реконструкциялау жұмыстары жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жоғарылатып, қажеттi қауiпсiздiк құралымен жабдықталған. 

  • Петропавлда халықаралық әуежайдың ашылуы
    Петропавлда халықаралық әуежайдың ашылуы
    © Sputnik / Елена Бережная
  • Петропавл әуежайындағы ұшақтың жанындағы жолаушылар
    Петропавл әуежайындағы ұшақтың жанындағы жолаушылар
    © Sputnik / Елена Бережная
  • Петропавл халықаралық әуежайы
    Петропавл халықаралық әуежайы
    © Sputnik / Елена Бережная
1 / 3
© Sputnik / Елена Бережная
Петропавлда халықаралық әуежайдың ашылуы

Реконструкция республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiлдi. Бұған дейiн ұшу-қону жолағын қайта салу жұмыстары аяқталған болатын. Жүргiзiлген жұмыстар барысында мұндағы жолаққа қалыңдығы 10 см болатын асфальт және бетонды жабынмен қапталды. Жолақтың өзi 2 800 метрге ұзартылып, 45 метрге кеңейтiлдi. Бұдан бөлек, рөлдiк жолақ пен перрон қайта салынып, халықаралық стандарттар бойынша жарықтандыру құрылғылары орнатылды.

Ұшу-қону жолағын реконструкциялаған соң Петропавл әуежайы заманауи әуе кемелерiн еш кедергiсiз қабылдай алады. Келесi жылы Ресей Федерациясына әуе рейсiн ашу жоспарланған.

 

5