Жел

Дүйсенбі күні атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады

6
Елдің басым бөлігінде қар жауып боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

АСТАНА, 19 жел — Sputnik. Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі, түнде желдің екпіні – 15-20, ұйытқуы – 23-28 м/с.

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі, желдің екпіні – 15-20, таңертең және күндіз ұйытқуы – 23-28 м/с.

Алматы облысында – тұман, көктайғақ, түнде желдің екпіні – 15-20 м/с.

Оңтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ, желдің екпіні – 15-20 м/с.

Қостанай облысында, синоптиктердің мәліметінше, боран соғып, тұман түседі, желдің екпіні – 15-20, күндіз ұйытқуы – 25 м/с.

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Павлодар облысында кей жерлерде боран соғады деп күтіледі, желдің екпіні – 15-20 м/с, Қарағанды облысында – тұман.

Батыс Қазақстан облысында – боран, күндіз желдің екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысында күндіз көктайғқа, желдің екпіні – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында – кей жерлерде көктайғақ.

6
Загрузка...