Қоршау

ШҚО-да ескі сөмкенің кесірінен көп қабатты үй қоршауға алынды

12
Өскеменде ескі сөмке көппәтерлі үй тұрғындарының үрейін ұшырды

АСТАНА, 23 жел  – Sputnik. Өскеменде көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары баспалдақта жатқан күдікті сөмке туралы полицияға хабарлады деп жазады жергілікті жаңалықтар порталы YK-news.kz.

Оқиға орнына келген полиция үйді түгелдей қоршап, сөмкенің ішінде не барын тексерген. Сөмкеде қауіпті ештеңе жоқ болып шықты. Ескі сөмкені үй тұрғындарының бірі тастауға қимай, біреу алып кететін шығар деп баспалдаққа қойып кеткен екен. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті затты подъезде қалдырып кеткені үшін қала тұрғыны жауапқа тартылмайды.

12