Өңірлер

ШҚО-да оқушы бейіт басында асылып қалған

© AP Photo Асылу
Асылу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғаламтор пайдаланушылары ауқатты отбасынан шыққан баланың өз-өзіне қол жұмсауы екіталай деп санайды

АСТАНА, 26 жел — Sputnik. ШҚО-да жоғалып кеткен мектеп оқушысы бейіт басында асылып қалған деп жазады жергілікті басылым YK-news.kz.

11 жасар ер бала 22 желтоқсан күні Аягөзде жоғалып кеткен. Мектеп оқушысы ата-анасы жұмыста болған кезде үйден кетіп қалыпты. Кешкі сағат алтыларда баланың анасы ұлының үйде жоқ екенін көріп, сынып жетекшісіне хабарласады, алайда мұғалім оқушының сабаққа келмегендігін айтқан. Содан соң, әйел адам туған-туыстарына қоңырау шалып, кейіннен полицияға хабар береді.

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Дәрігерлер Көкшетауда асылып қалған баланың өліміне не себеп болғанын мәлімдеді

ШҚО ІІД хабарлағандай, баланы іздеуге полицейлер, әскери қызметкерлер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. 24 желтоқсан күні баланың денесі табылды.

"Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, — деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. – Қазір сараптама мен тергеу шаралары жүргізілуде. Іс басшылықтың ерекше бақылауына алынды".

Ресми емес деректерге жүгінсек, бала бейіт басында асылып қалған екен. Бастапқы мәліметтер бойынша, оқушы өзін зират басындағы ескерткішке байлапты. Баланы мұндай әрекетке не итермелегені әлі белгісіз. Әлеуметтік желілерде Аягөз тұрғындары ауқатты отбасыдан шыққан баланың өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес дейді.

Жаңалықтар
0