Өңірлер

Астана-Бурабай тас жолындағы апат: қаһармандық пен трагедия

© Sputnik / Меруерт АлимоваҚұмарбек Жәкетайдың суреті
Құмарбек Жәкетайдың суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құмарбек Жәкетайдың туған-туыстары қайғыдан қан жұтып отырғандарына қарамастан, сезімін ақылға жеңдіріп, сабырлық танытуда: тағдырға налып, ешкімді кінәламайды...

АСТАНА, 30 жел — Sputnik, Меруерт Алимова. Тілші ретінде кей кездері естен кетпес әсер қалдыратын жайттарға тап болып жатамыз. Астана-Бурабай тас жолында қаза тапқан Құмарбек Жәкетайдың туған-туыстарымен танысу сондай бір оқиғалардың бірі болды.

Бүкіл өңірді есеңгіреткен жол апаты

жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысындағы жол апатының мән жайы: ер адам өмірін құрбан етті

2017 жылы үшінші ақпанда Ақмола облысы Бурабай ауданы Жаңажол ауылы тұрғыны Құмарбек Жәкетай 51 жасқа келер еді. Алайда желтоқсан айының басында Астана-Бурабай тас жолында болған көлік апаты төрт адамның өмірін қиды, солардың бірі – бүгінгі репортажымыздың бас кейіпкері. Ер адам өзіне тікелей қатысы жоқ жол апатында көз жұмды.

Бұл өңірдегі екінші қанды жексенбі еді: әуелі бұл тас жолда Щучинск түбінде шетелдік көлік апатқа ұшырады, ерлі-зайыптылар Астанадағы тойдан Көкшетауға қайтып келе жатқан болатын. Көкшетау қаласының №19 мектебінде психолог болып қызмет ететін 31 жастағы әйел адам сол жерде қаза тапты, ал күйеуі жан сақтау бөлімінен бірақ шықты. Екі ұл бала анасынан айырылды.

Бір апта өткен соң, 4 желтоқсан күнгі түк көрінбейтін ақ түтек боранда Астанаға бет алған Nissan Cefiro автокөлігіне бірінен соң бірі екі жолаушылар автобусы соғылды. Жол апатының қасынан өтіп бара жатқан Құмарбек автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуынан зардап шеккендерге көмектесу үшін тоқтайды. Жеңіл көліктің жүргізушісі Ерлан Оспанов екеуі салоннан үш жасар Данилды алып шығады. Содан кейін ер адам басқа жолаушыларды құтқаруға ұмтылады, олардың ішінде балақайдың анасы Алена да бар болатын. Алайда сол сәтте жеңіл көлікке екінші автобус келіп соғылады. Құмарбек үш жолаушымен бірге қаза тапты… Кейін автобус шопыры оның отбасына 300 мың теңге бата жасайды.

Қарапайым еңбекқор

Астана - Щучинск тас жолында болған апат - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ер жүрек: көлік апаты кезінде өз өмірін құрбан еткен ер адам марапатталады

6 желтоқсан күні Құмарбек Жәкетайдың жаназасына бүкіл ауыл жиналды. Жаңажол ауылы құрамына кіретін Атамекен ауылдық округінің әкімі Дауылбай Қапезовтің сөзіне сүйенсек, ауылда Құмарбектің ерлігі әлі күнге дейін айтылып жүр екен.

"Автобусты ағызып келе жатқанын айтқанда, Құмарбектің қаша жөнелмегеніне ешкім таң қалмайды. Ол адамдарды құтқаратынына еш күмәнданбаған еді. Құмарбек Жәкетай – қарапайым адам. Әуелі мал бағып отбасын асырады, содан кейін механизатор болды, соңғы кездері су тартқышта істеп жүріп, қосымша такси болып жолаушылар таситын. Бір сөзбен айтқанда, нағыз еңбекқор жан еді. Әрі өте қарапайым, адамгершілігі мол", — дейді әкім.

© Sputnik / Меруерт АлимоваҚұмарбек Жәкетайдың туыстары
Құмарбек Жәкетайдың туыстары - Sputnik Қазақстан
Құмарбек Жәкетайдың туыстары

Жергілікті кәсіпкер, "Қаражар-2015" ЖШС директоры Тұрлыбек Болатов марқұмның жұбайына 100 мың теңге ұстатты. Алайда бұл әрекетін материалдық көмек дегісі келмейді.

"Қазақстарда мұны бата дейді. Бұл жайында тілшілерге айтып жариялмайды. Марқұммен таныс емес едім, бірақ ол шынымен ерлік жасады. Отбасы асыраушысынан айырылды, кенже қызы мектепте оқиды екен. Егер көмегім қажет болса, еш қысылмай сұрағандарын қалаймын. Батырдың отбасына қамқор болу — мен үшін абырой", — дейді Болатов.

"Байқа, балам"

Құмарбек Жәкетайдың отбасы біреуді кінәлап, қарғыс айтып отырған жоқ әрі ешкімнен сый-құрмет күтпейді.

"Әкем дастархан басында үнемі "мейірімді болыңдар, ақылды болыңдар" деп отыратын", — деп еске алады марқұмның ұлы Нұрболат Құмарбек. – Біреу мені ренжітсе, әкеме барып шағымданбайтынмын, оның мені жақтап сөйлемейтінін жақсы білетінмін. Алайда оның бізге деген қамқорлығы мен әкелік мейрімін үнемі сезетінбіз".

© Sputnik / Меруерт АлимоваҚұмарбек Жәкетайдың туыстары
Құмарбек Жәкетайдың туыстары - Sputnik Қазақстан
Құмарбек Жәкетайдың туыстары

"Сол күні Макинскіде тәтеміздің жаназасында болдық. Әкем екеуіміз екі бөлек көлікпен қайтқан болатынбыз. Қайтыс боларынан бірнеше минут бұрын хабарласып, "Балам, байқа, мұнда сұмдық жол апаты болыпты" деді. Көлік апатының қасынан өтіп бара жатып, төрт мәйітті көрдім, ішімнен "ер адамның күртесі әкемдікі сияқты екен" деп ойладым. Сөйттім де, ұмытып кеттім. Туыстарымыздың үйіне қайтып барсам, әкем жоқ екен. Телефон соқсам, көтермейді. Сол кезде бәрін түсіндім…"

Нұрболат елордалық оңалту орталығында бапкер болып істейді, әпкесі әкесінің қазасынан біраз бұрын, жұмыстан шығып қалған, қазір анасының қасында. Үйдің кенжесі Арайлым Щучинскідегі "Мирас" мектеп-гимназиясының тоғызыншы сыныбында оқиды. Құмарбек ағаның жесірі Тұңғатар Сапарғали үшінші топ мүгедегі, мектептегі мини орталықта тәрибешінің көмекшісі болып істейді, айына 18 мың теңге алады.

"Ешкімді кінәламаймыз"

Отбасының өмірі туралы әңгімелей отырып, Тұңғатар тәте "тәубә" деген қазақтың дана сөзін қайта-қайта қайталай берді.

© Sputnik / Меруерт АлимоваҚұмарбек Жәкетайдың туыстары
Құмарбек Жәкетайдың туыстары - Sputnik Қазақстан
Құмарбек Жәкетайдың туыстары

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Екі "Құрметті азамат" Астанада пәтерге ие болады
"Біз қарапайым жандармыз, — беп басын шайқайды әйел. – Бай болған емеспіз, бірақ баларымыздың қарындары тоқ, киімдері бүтін болды. Күйеуімсіз күн көру қиын болатыны сөзсіз, бірақ далада қалмаспыз. Балаларым өсті, олар – менің тірегім. Болған оқиғаға ешкімнің кінәсі жоқ. Бәрі Алланың ісі…"

Нұрболат әкесін нағыз қаһарман санайды.

"24 желтоқсан күні бізді сотқа шақырды, алайда біз ешкімді кінәламаймыз, — дейді жас жігіт. – Шынымды айтсам, әкемнің жасаған әрекетін ерлік деп санаймын. Өзі "көңілі қалмасын" деген сөзі жиі айтатын. (…) Оның бұл ерлігі немерелері мен шөберелерінің алдынан шығады деп сенемін". 

Жаңалықтар
0