Қамауға алу

Атырауда бас сот-медициналық сарапшысы үй қамаққа алынды

15
Сарапшыға 20000 доллар көлемінде пара алмақ болды деген күдік келтірілді

АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Атырау облысы бойынша Сот сараптамасы институтының бас сарапшысы екі айға үй қамаққа алынды деп хабарлады Атырау қалақы №2 сотының баспасөз қызметі.

"Сарапшыға 20000 доллар көлемінде парақ алмақ болды деген күдік келтірілді. Қылмыстық істің тағы бір қатысушысы бар, ол лауазымды тұлғаның пара алуына көмектесті деген күдікке ілінді", — делінген хабарламада.

Атырау №2 қалалық сотының тергеу судьясы бұлтартпау шарасын қолданды: Атырау облысы бойынша Сот сараптамасы институтының бас сарапшысы екі айға үй қамаққа және екінші сыбайлас екі айға қамауға алынды.

Сот алды тергеу ісі жалғасуда.

15
Загрузка...