Өңірлер

Көкшетауда жасалынған "үй" гамбургерлері қауіпті болып шықты

© Photo : Public DomainГамбургер
Гамбургер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көкшетаудағы бақылау саудасы кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай келмейтін гамбургерлер табылды

АСТАНА, 19 қаң — Sputnik. Көкшетауда жергілікті бизнесмен денсаулыққа қауіп төндіретін гамбургерлер жасап шығарған деп хабарлады Ақмола облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Гамбургер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Бургер-кафеден тамақтанған 30 шақты Орал тұрғыны сальмонеллез жұқтырды

Департамент мәліметінше, жергілікті жеке кәсіпкерлердің бірі шығаратын гамбургерлерде адамның денсаулығына қауіп төндіретін бактериологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер анықталған.

"Өнімнің сәйкестік туралы декларациясы мен шығыс жөнелтпе құжаты бар. Жеке үйде жасалып шығарылады екен, санитарлық қағидалар мен техникалық регламенттер бойынша жеке тұрғын үйлерде тағамдық өнімдерді шығаруға болмайды", — деп хабарлады департаментте.

Шара қолданылу үшін ақпарат Көкшетау полициясына, прокуратураға, кәсіпкерлер палатасына және Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығының Ақмола филиалына жіберілді.

Жаңалықтар
0