қатты жел

Бейсенбіде қазақстандықтарды екпінді жел мен қарлы ауа райы күтеді

5
Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, жекелеген аймақтарда қатты жауын-шашын жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейюі сақталады

АСТАНА, 9 ақп — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде қар жауып, жекелеген аймақтарда қатты жауын-шашын жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейюі сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

 Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 23 м/с. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында  түнде жел 17-22 м/с күшейеді, екпіні 25 м/с болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20м/с,екпіні 23-28 м/с күшейеді, облыстың оңтустік-батысында кей уақытта 30 м/с аса болады.  Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай  облысының  басым бөлігінде бұрқасын күтіледі, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.  Солтүстік Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде  бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының  кей жерлерінде  бұрқасын күтіледі, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді. Қарағанды  облысының  кей жерлерінде бұрқасын, тұман  күтіледі, жел 15-20 м/с, күндіз  басым бөлігінде жел 15-20 м/с  күшейеді, кей жерлерінде желдің екпіні 23-28м/с болады,кей уақытта 30 м/с аса болады..

 Шығыс Қазақстан облысының  кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с  күшейеді, екпіні 25 м/с.


5