Жол

Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды

6
Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жолдар барлық автокөлік түрлері үшін жабық

АСТАНА, 9 ақп — Sputnik. Қазақстанның төрт облысында ауа райы қолайсыздығы мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты қозғалыс тоқтатылды, сонымен қатар кейбір облыстарда дабылды ескерту жарияланған деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитет сайты.

Жолдардың жабылуы туралы ақпарат

Ауа райы қолайсыздығына байланысты жолдар жабылған: боран, дұрыс көрінбеу немесе мүлдем көрінбеу.

Алматы облысында "Үшарал-Достық" (83-184 км) а/ж учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. 

Ақтөбе облысында республикалық манызы бар тас жолы "Кандыағаш-Ембі-Шалкар-Ырғыз" 92 ш. (Ембі қ) 257 ш. (Шалкар қ) барлық автокөлік түрлеріне жабық. Сонымен бірге "Карабұтақ-Комсомол-Қостанай облысының шекарасына дейін"0 ш. (Қарабұтақ) 234 ш. (Қостанай облысы шекарасы дейін) барлық автокөлік түрлеріне жабық.

Қостанай облысында республикалық жолдар барлық автокөліктері түрлеріне жабылды:  А-22 "Қарабутак- Қостанай" 231-389 шм. Облыстық жолдар барлық автокөліктері түрлеріне жабылды:  - а/ж "Жітіқара-Қамысты-Ливановка" 1,1-73шм,  а/ж "Әулиекөл —Жолдама" (0-257 шм),  а/ж "Адаевка-Аралкөл" (0-110 шм),  а/ж "Әулиекол-Смайловка" (0-106 шм),  а/ж "Әулиекөл —Ақжол" (0-100 шм).

Шығыс Қазақстан облысында  "Семей-Қарауыл" (4-94 км) облыстық маңызды тас жолында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық. "Шар-Бақыршық" (8-42 км) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық. "Семей-РФ шек"-Воскресеновка-Петропавловка-Шелехова-Белағаш-Дмитриевка" км 39-50, км 50-64  барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық. "Новопокровка-Петропавловка-Зубаир-Байтанант" км 33-41, км 23-41  барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.

Дабылды ескерту

Күндіз 9, түнде 10 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан соққан жел 15-20, екпіні 23-28, облыстың оңтүстік-батысында кей уақыттарда 30 м/с аса күшейеді. Таулы және тау бөктері аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Күндіз 9, түнде 10 ақпанда Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан соққан жел 15-20, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с аса күшейеді.

9 ақпанда Қызылорда облысының  кей жерлерінде ауа температурасының күрт төмендеуі түнде 20-25, кей жерлерде 10-15 градус аяз.

6