Алакөл көлі

Қазақстандағы ірі шипажай жабылды

409
Алакөл көліндегі туристік базалардың 90%-дан астамының жағдайы қауіпсіздік талаптары мен санитарлық нормаға сәйкес келмейді

АСТАНА, 24 ақп — Sputnik. Алакөл көлінің маңында орналасқан көптеген демалыс базаларына  жаңа маусымда келушілерді қабылдауға тыйым салынды. Мұндай шешімді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов. "Первый канал Қазахстана". 

Хабарламаға сәйкес, 147 туристік нысанның 139-ы санитарлық нормаға сәйкес келу өніндегі тексеруден өте алмаған. Олардың аумағында қауіпсіздік талаптары бұзылып, қажетті инфрақұрылым жоқ. 

Өңір басшысы Алакөл жағалауында құрылыс жүргізуге жаңа жер телімдерін беруге тыйым салатын қаулы шығарды, 

"Толық әлеуметтік жауапсыздық, барлығы өз қалталарын толтыру үшін жұмыс істеген. Ешкім көріктендіру керектігі туралы, мейрамханалардың санитарлық талаптарға сәйкес болу керектігін ойламаған. Жақсы, бұл өткен жылдың тарихы. Бұл жылы барлық жұмыстар істелмейінше, ешкім алмайды. Барлығы тоқтатылды. Ретке келтіруге тиіс нәрсенің бәрін орындаңыздар, сосын көреміз", — деп мәлім еті Даниал Ахметов. 

Ағымдағы жылы әкімдік кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін 550 миллион теңге бөлді. Ақша жалпы пайдалануға арналған жағалаудағы аумақты көріктендіруге және жолға жұмсалады. 


409
Загрузка...