Өңірлер

Шымкенттегі атыс: жасөспірім өлімінің мән-жайы анықталды

© Photo : Otyrar.kzШымкенттегі атыс
Шымкенттегі атыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкенттегі атыс салдарынан бір адам қаза тапты, тағы екі адам жарақат алып ауруханаға түсті

АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Далада велосипедін жөндеп жүрген балаға байқаусызда оқ тиіп кеткен деп хабарлайды КТК.

Пистолет - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шымкенттегі атыс кезінде 14 жастағы жеткіншек қаза тапты

9 наурыз күні Шымкентте Ворошиловка ауданында көршілер арасында өзара ұрыс-керістің салдарынан атыс болған. Халық арасында белгілі, бұл ауданда көп жылдардан бері есірткі саудасы жүргізіліп келеді.

Атыс салдарынан 14 жастағы жасөспірім қаза тауып, екі жігіт әр түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. 

Келесі күні полицейлер төрт күдіктінің біреуін ұстаған, ол Жамбыл облысына қашып кетіпті.

Қаза тапқан жасөспірімнің ағасы, 16 жастағы Агит көптеген жарақат алып, өлім аузынан қалған, ол есінде қалғанын айтып берді.

"Баурыма оқ атты, мен жүгіріп бардым. Оны құшағыма алғанымда, арқамнан оқ атты. Сосын есімнен танып қалдым, кімнің атқанын көрген жоқпын", — дейді Агит.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкенттегі атыс: төрт күдіктінің біреуі ұсталды

Полиция анықтағандай, қылмыскерлер туыстардың бірімен есеп айырысуға келеді, бірақ әуелі балаларға кез болған.

ОҚО ІІД ресми өкілі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, күдіктілердің саны төртеу. Жамбыл облысы, Қордай ауданында ұсталған 31 жастағы ер адам бұдан бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталыпты. Ол кінәсін мойындап, оқиғаның себептерін айтып берді.

Қазір полиция басқа күдіктілерді іздестіріп жатыр.

Жаңалықтар
0