Өңірлер

Маңғыстауда балалар әжетхана үйіндісінің астында қалып қоя жаздады

© Photo : Кадр видеоӘжетхана ғимараты ер адам мен оның балаларының көз алдында қираған
Әжетхана ғимараты ер адам мен оның балаларының көз алдында қираған - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әжетхана ғимараты ер адам мен оның балаларының көз алдында қираған

АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. Маңғыстау облысында балар қоғамдық әжетхана үйіндісінің астында қала жаздады деп жазады жергілікті "Лада" басылымы. Басылым редакциясына ғимараттың құлау сәті түсірілген бейнежазба түсіпті.

Оқиға Маңғыстау облысы Таушық ауылына жақын жерде Наурыз мейрамы қарсаңында болған. Әжетхана қасынан өтіп бара жатқан Сергей, балаларының сұрауымен тоқтайды. Алайда қас қағым сәтте жолаушылардың көз алдында ғимараттың күл-талқаны шығып бұзылған.

"Келе жатқанбыз, балалар әжетханаға барғысы келді. Көлікте досым да бар болатын, ол әжетханаға жетер-жетпес жердегі дүкенге қалдырып кетуімді өтінді. Мен келістім. Әжетханаға жеткенімізде, ғимарат көз алдымызда қирап қалды. Сәл ертерек барғанымызда, балаларым әжетхана ішінде  болар еді", — дейді Сергей.

Әжетхананың құлаған сәті көліктің бейнерегистраторына түсіп қалыпты. 

Жаңалықтар
0