Күзет

Сот залындағы кісі өлімі: күзетші салғырттығы үшін сотталды

111
(Жаңартылды 08:21 29.03.2017)
Қостанай облысы аудандық сот ғимаратында бір ай бұрын жантүршігерлік жайт болды

АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Қостанай облысындағы аудандық соттың күзетшісі жұмысына салғырт қарағаны үшін айыпты деп танылды. Бір ай бұрын сот ғимаратында күйеуі әйелін өлтірген болатын деп хабарлайды өңірлік соттың баспасөз қызметі.

28 ақпан күні сот ғимаратында ажырасу процесінің алдында күйеуі әйелін пышақтап өлтірді. Ол күзетшілердің дұрыс тексермейтіндігін пайдаланып, сотқа пышақ алып кірген екен. 

Сол күні қызметте болған 34 жастағы күзетші жұмысына салғырт қарағаны үшін айыпты деп танылды. Ол сотта кінәсін толық мойындапты. 

Сөйтіп, күзетші екі  жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан үш жылға айырылған. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ. 

111
Архивтегі фото

Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды

39
(Жаңартылды 19:06 22.09.2020)
Бірнеше рет ұрлық жасады деген күдікке ілінген Талдықорған қаласының 54 жастағы тұрғыны бұрын он рет сотталған болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Талдықорғанда аса қауіпті рецидивист ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Осы жылдың сәуір айынан бастап жеке үйлерде бірнеше рет ұрлық жасалған. Оңай олжаға дәніккен азамат үй иелері кеткен сәтті күтіп, түрлі жолдармен үйге кірген. Ұрланған мүліктің ішінде әртүрлі тұрмыстық техника, азық-түлік және велосипед сияқты түрлі заттар бар.

"Криминалдық полиция қызметкерлері көптеген күдіктіні тексерді, ақырында Талдықорған қаласының 54 жастағы тұрғыны болып табылатын аса қауіпті рецидивист анықталды. Ол он рет сотталған", – дейді Талдықорған қаласы ПБ Батыс ҚПБ бастығы Айдын Аденбаев.

Күдікті алғаш рет заңға қайшы әрекетін 15 жасында жасаған, содан бері ол темір тордың арғы жағында 35 жыл өмірін өткізген. Ол негізінен ұрлық жасағаны үшін, бір рет ауыр дене жарақаты үшін сотталған. 2020 жылдың ақпан айында түрмеден босап шыққан.

Оқи отырыңыз: Талдықорғанда ұры жүргізушілерге үндеу жасады – видео 

"Бүгінгі күні күдіктінің 12 эпизодқа қатысы бар екенін дәлелдей алдық. Ұрланған заттардың бір бөлігін тауып, заңды иелеріне қайтардық, ал қалған бөлігін күдікті сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған ", – деп толықтырды полицей Айдын Аденбаев.  

39
Кілт сөздер:
ұры, Талдықорған
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда ер адам төлем терминалын ұрлап кетті – видео
Ақтөбе тұрғыны қонаққа келіп, Kaspi қосымшасы арқылы үй иесін тонап кеткен
Талдықорғанда екі жігіт аса қауіпті қылмыскерді ұстады
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Адам мен ит, архивтегі фото

Көшеде мысықты шайнап тастаған иттің иесі табылды видео

188
Иттің иесі Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 27 780 теңге айыппұл салынады  

АЛМАТЫ, 22 қыркүйек – Sputnik. Әлеуметтік желіде ер адам жетектеген тұмылдырықсыз иттің мысықты шайнап жатқан видеосы тарады. Оқиға Павлодар облысында болған. Өңірдің полиция департаменті иттің иесі анықталып, жауапқа тартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар облысының ПД (@dp_pavlodar)

"Әлеуметтік желіде тараған видео бойынша полиция тексеру жұмыстарын жүргізді. Иттің иесі анықталып, ұсталды. Ол Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Иттің лақап аты – Мамай. Оның иесіне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 408-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 408-бабы 2-бөлігінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу – жеке тұлғаның денсаулығына немесе мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан әрекеттер көрсетілген. Бұл бап бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл – 27 780 теңге.

Айта кетейік, бұған дейін итті көлігіне байлап серуендеуге шыққан павлодарлық жауапқа тартылған болатын. Көліктің 26 жастағы жүргізушісі Павлодарға Өскеменнен жарысқа келген досын кездестіріп, алабайды көлік терезесінен қарғыбауын шығарып серуендетуге тура келгенін айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от unformat (@unformatpvl)

Жануарларға қатыгездік таныту фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Бұл бап бойынша 120 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК - 2778) көлеміндегі айыппұл немесе 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа міндеттеу, я болмаса 30 тәулікке дейін қамау шарасы қарастырылған.

188
Кілт сөздер:
видео, ит, мысық
Архивтегі фото

Коронавирустан бір аптада 28 адам қайтыс болды

9
Қазақстанда өткен аптада коронавирус инфекциясынан болатын өлім-жітім алдыңғы аптамен алыстырғанда азайды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. 14-20 қыркүйек аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 28 адам көз жұмды, деп хабарлады COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір апта ішінде қанша адам қайтыс болды  

  • Алматы қаласы – 2,
  • Шымкент қаласы – 1,
  • Атырау облысы – 5,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6,
  • Жамбыл облысы – 3,
  • Батыс Қазақстан облысы – 4,
  • Қарағанды облысы – 3,
  • Қостанай облысы – 1,
  • Маңғыстау облысы – 1,
  • Павлодар облысы – 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1.

Салыстыру үшін айтсақ, бұдан алдыңғы аптада індет 37 қазақстандықтың өмірін жалмаған еді.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда барлығы 1 699 адам қайтыс болды.

9
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Министрлік қатаң карантин қандай жағдайда енгізілетінін айтты
Ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады
Ракпен ауыратын қазақстандықтарға емді тоқтату ұсынылды
Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырғандар бар ма?
Өзбекстанның вице-премьері қайтыс болды