Сотталушы

Полицей көлігінің үстіне шығып, селфи жасаған павлодарлық қамауға алынды

63
(Жаңартылды 12:00 29.03.2017)
Павлодарлық қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін бірнеше күн қамауда болады

АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Қала тұрғыны мас күйінде полицей көлігінің төбесіне шығып селфи жасағаны үшін он күнге қамауға алынады деп хабарлады Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 25 наурызда сағат 18.00-де 23 жастағы мас павлодарлық Кәрібаев көшесінде полицей көлігінің төбесіне шығып, селфи жасап, әлеуметтік желілерге жариялай бастайды. Онымен қоймай, көшедегі жаяу жүргіншілерді балағаттап тіл тигізеді.

Сот қаулысымен А. әкімшілік құқық бұзғаны үшін айыпты деп танылып, "Ұсақ бұзақылық" бабына сәйкес 10 күнге әкімшілік қамауға алынады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.  

63
Загрузка...