Өңірлер

Астанада экологиялық айлық кезінде алты мыңнан астам ағаш отырғызылады

© Sputnik / //Еркен САЛИХОВСенбілік
Сенбілік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада кең ауқымды қалалық сенбіліктер өтеді

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Астана қаласын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды уақытылы үйлестіру мақсатында 2017 жылдың 15 сәуірінен 15 мамырына дейінгі кезеңде экологиялық айлық өткізіледі деп хабарлайды елорда әкімшілігінің ресми сайты.

Оның шеңберінде 29 сәуір мен 13 мамыр күндері елордада "Біз таза қала үшін!" жалпықалалық сенбіліктерді өткізу жоспарланған. Экологиялық айлық өтетін кезеңде білім мен денсаулық сақтау мекемелеріне бекітілген аумақтарды жүйелі түрде тазарту, көгалдандыру ұйымдастырылады. Сондай-ақ, су нысандарының мұнай өнімдерімен, тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен ластануын болдырмау мақсатында аталған нысандарды тұрақты бақылауға алу көзделген.

жол жөндеу - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Астанада бірқатар көшелер жөндеу жұмыстарына жабылады

Аудандар әкімдерінің аппараттары, қалалық басқармалар, коммуналдық кәсіпорындар бұл жұмыстарға 100 мыңнан аса адамды, 4 452 мемлекеттік мекемені тартуды жоспарлап отыр. Экологиялық айлыққа қатысатын мекемелердің арасында кәсіпорындар, денсаулық сақтау нысандары, орта мектептер, ЖОО, құрылыс ұйымдары, шағын және орта бизнес нысандары бар. Сонымен бірге, 425 дана арнайы техника мен 15 мыңнан аса құрал пайдаланылады. Сенбілік барысында қаланың аумағын санитарлық тазарту, ағаш көшеттерін отырғызу, аулаларды және орамішілік аумақтарды абаттандыру, шағын архитектуралық формаларды орнату, тротуарларды кеңейту жоспарланған.

Сондай-ақ, қаланың барлық аудандарында заңсыз қоқыс орындары жойылып, қосымша жарықтандыру тіректері орнатылады, көшелер абаттандырылып, асфальт жабыны жаңартылады.

Жалпы, қала бойынша 6750 ағаш отырғызу жоспарланған, соның 1750-і ірі көлемді көшеттер болса, ашық тамырлы 5000 өсімдік отырғызылады. Бұған қоса, Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арналарын санитарлық тазарту жоспарланған, аталған жұмыстарға жоғары оқу орындарының студенттері мен әскери бөлімшелердің әскери қызметкерлері тартылады.

Қала билігі қалалық және республикалық ұйымдардың қатысуымен ағаш отырғызу шараларына, қалаға қосылған елді мекендердің аумағын санитарлық тазартуға ерекше назар аударады.

Жаңалықтар
0