Өңірлер

Алматыға жақын жерде бір тәулік ішінде алты жер сілкінісі болған

© Sputnik / Игорь Носов / Медиабанкке өтусейсмограф
сейсмограф - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жер сілкіну кіндігінің тереңдігі 5-100 километр арасында

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экстпедициясының станциялары 4-5 мамырдағы бір тәулік ішінде  Алматыдан 160-794 шақырым қашықтықта алты жер сілкінісін тіркеген.

Архивное фото сейсмографа - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда жер сілкінісі болды

Бастапқы екі жер сілкінісінің магнитудасы 4,4 және 4,8, 4 мамыр күні сағат 12:52-де және 17:00-де Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 608 және 606 шақырым жерде Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарасында болған. Кіндігі 5 километр тереңдікте болыпты.

Бейсенбі күні сағат 22:16-да сейсмографтар Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында, Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 794 километр қашықтықта қуаты 5,3 балл жер сілкінісін тіркеген. Кіндігі — 100 километр тереңдікте.

Жұма 5 мамыр күні 00:23 және 05:39-да магнитудасы 4,5 және 4,3 екі жер сілкінісі Тәжікстан мен Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 622 және 160 шақырым жерде болды. Жер сілкіну кіндігі 5 және 15 километр тереңдікте.

Жер асты дүмпулерінің сезілуі туралы ақпарат әзірге жоқ.

Жаңалықтар
0