Инженер-синоптик Саида Бердібекова

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

750
Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады "Қазгидромет"
Прогноз погоды в РК на 23-25 мая

"Оралдағы циклонға байланысты фронттардың поляр және арктикалық жүйесі Қазақстан аумағы арқылы ауысады. Осы фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде кей жерлерде жауын жауып, күн күркіреуі, жел ұйытқып, бұршақ түсуі ықтимал", — деді инженер-синоптик Саида Бердібекова.

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағында ауа температурасы төмендейді. 24-25 мамырда ауа температурасы көпжылдық норма деңгейінде немесе одан төмен болады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана температура климаттық нормадан асады, алайда өтпелі жаңбыр жауып, күн күркірейді.

"23 мамырда Астана мен Ақмола облысында дабылды ескерту жарияланған. Оңтүстік-батыстан соққан жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін ұйытқиды", — деп ескертеді синоптиктер.

750
Алматыдағы блокбекеттер

Алматыда бүгін түнде блокбекеттер алынады: әкім мәлімдеме жасады

477
Әкім қала тұрғындары мен қонақтарын тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Алматыда 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні блокбекеттер алынады.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желіде хабарлады.

"1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блокбекеттерді аламыз. Төтенше жағдай режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды", - деп жазды ол Instagram-да.

Сағынтаев полиция, санитарлық қызмет, фито және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен ұлттық гвардия, қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне 2,5 ай ішінде атқарған жұмыстарына алғыс айтты.

Қала әкімі кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық қауіпсіздік күшейтілгенін атап өтті. Үйлерге, аула алаңдары мен көшелерді залалсыздандыру жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда пойыз билеттері сатыла бастады

Ол азаматтарды тәртіпке бағынып, тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды.

"Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс", - деді Сағынтаев.

Айта кетсек, 1 маусымнан бастап ел ішінде жолаушылар пойыздары қатынайды. Ал 5 маусымнан қалааралық автобустар жолға шыға бастайды.

477
Кілт сөздер:
Бақытжан Сағынтаев, Алматы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Фонтан, бала

Қырық градус ыстық болады: ертеңге ауа райы болжамы

411
31 мамырда республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ыстық болады. Өңірлерде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан аумағында 31 мамырда ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. Нұр-Сұлтанда жел күшейеді деп болжанып отыр. Қазгидромет жекелеген өңірлерде дабылды ескерту жариялады.

Қырық градус ыстық

Күндіз Қызылорда облысында 41 градусқа дейін аптап ыстық болады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысында да – 40 градус ыстық, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады. Түркістанда сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Қарағанды облысында 31 мамыр мен 2 маусым аралығында 35-39 градус ыстық күтіледі.

Тағы оқыңыз: Жаңбыр, бұршақ жауып, ыстық болады: маусымға ауа райы болжамы жарияланды

Қостанай облысында да аптап ыстық болжануда - 35-38 градус.

Қатты жел

31 мамыр күндіз Ақмола облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Нұр-Сұлтанда оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Қазақстан астанасында сынап бағанасы 31-33 градусты көрсетеді деп күтілуде, көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Желдің екпіні – 15-18 м/с.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз, 29-31 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық, күндіз ауа температурасы 34-36 градусқа дейін жоғарылайды.

411
Кілт сөздер:
ыстық, ауа райы болжамы
Ауызашар дастарқаны

Қаза оразаны өтеу: 1700 теңгені кімдер береді

0
Діни басқарма өкілінің айтуынша, Рамазан айынан қалған қарыз күндерді арасын үзбей де, бөліп те ұстауға болады

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы қаза оразаны өтей алмаған жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, қаза оразасы барлар өзі тұратын елді мекеннің намаз кестесін басшылыққа алуы тиіс. Әдеттегідей таң намазы басталғанға дейін ас-суын ішіп, шам намазы кірген уақытта ауыз ашады.

Рамазан айынан қалған қарыз күндерді арасын үзбей де, бөліп те ұстауға рұқсат етілген.

"Қаза оразаны мүмкіндігінше тездетіп ұстап біткен абзал. Алла Тағала Құранда ауырып қалып немесе сапарға шығып, белгілі бір себептермен ораза ұстай алмайтын болса, оны кейінгі күндерге қалдырсын дейді. Егер денсаулығына байланысты қаза оразасын ешқашан өтей алмайтын болса, онда ол адам підия төлейді. Підия дегеніміз – бір адамның таңғы және кешкі тойып ішетін тамағы. Биыл оның ақшалай мөлшері шамамен 1700 теңге", - деп түсіндірді Медет Құрмашұлы.

Яғни, қаза оразаны ұстауға шамасы келмегендер мұқтаж жандарды тамақтандырады немесе ақшалай береді.

Басқарма өкілі қарыз күндерді келесі Рамазан айына дейін ұстап біткен абзал дейді. Ал егер келесі ораза келіп қалып, адам қарызын әлі өтеп бітпесе, онда келесі оразаны ұстай береді. Қаза күндерін Рамазан айы аяқталған соң бір-ақ өтейді.

Сонымен қатар, Медет Құрмашұлы Рамазан айының артынан келетін Шәууәл айына да тоқталды. Бұл ай, әдетте, отыз күнге созылады.

Тағы оқыңыз: Қадір түнінде бір топ жігіт Әзірет Сұлтан мешітінің алдына жиналды

"Шәууәл айында адамдар алты күн ораза ұстайды. Бұл нәпіл ораза деп аталады. Алты күндік оразаның сауабы өте мол. Нәпіл ораза ешкімге міндет емес, ұстау-ұстамау әркімнің өз еркінде. Яғни, нәпіл оразаны ұстамағандар күнәһар болмайды", - деді бөлім маманы.

Ол алты күндік оразадан бұрын қаза оразаны бірінші ұстап өтеуге кеңес берді.  

"Қаза ораза мен нәпіл оразаға ниет етудің арасында айырмашылық бар. Қаза оразаға түннен бастап ниет қылу керек. Ал нәпіл оразаға бесін намазына бір сағат уақыт қалғанға дейін ниет етсе болады. Қаза оразаны өтеген кезде, түнде ауыз бекітуді ұмытып, таңертең тұрып ниет қылу дұрыс емес. Түннен бастап ниет ету міндет", - деді басқарма өкілі.

Айта кетсек, биыл коронавирус індетіне байланысты Рамазан айы елдегі төтенше жағдай режимімен тұспа-тұс келді. Республикада барлық мешіт жабылып, жамағатпен оқылатын намаздарға тыйым салынды. Қазақстандықтарға қасиетті Қадір түнін де үйде қарсы алуға тура келді. Вирустың таралуына жол бермеу үшін мешіттерде Ораза айт намазы оқылған жоқ. 

0
Кілт сөздер:
қарыз, Ораза