Атбасарда соққан желдің салдары

Ақмола облысында қатты жел ағаштарды жұлып, үйлердің шатырын ұшырды

87
Өңірде қатты дауылға байланысты дабылды ескерту жарияланған еді

АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik. Ақмола облысында соққан қатты жел ғимараттардың шатырын ұшырып, автокөліктерге зақым келтіріп, ағаштарды жұлып әкетті.

22 мамыр күні жедел қызметтер дабылды ескерту жариялаған болатын: 23 мамырда түнде желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз ұйытқуы 25 м/с дейін болады де күтілген.

23 мамырда бүкіл облыста үш рет қауіпті метеорологиялық құбылыс орын алды.

Атбасарда күндіз сағат үштен соң қатты дауыл салдарынан бес қабатты тұрғын үй мен "№1 өнеркәсіптік-техникалық колледждің" төрт қабатты ғимаратының шатыры бұзылды.

Атбасарда соққан желдің салдары
© Photo : "Все кто жил и живет в Атбасаре"
Атбасарда соққан желдің салдары

Степногорда кешкі сағат бес жарым кезінде жылдамдығы 30 м/с жел "Жұлдыз" жаздық мейрамханасының шатырын құлатты, салдарынан үш жеңіл көлікке зақым келген.

1 / 3
Степногорда соққан қатты желдің салдары

Атбасар ауданы Новосельское ауылында кешкі сағат тоғыз шамасында қатты жел орта мектептің шатырын ұшырып әкеткен, сондай-ақ 16 су ағызғышқа зиян келген.

Барлық оқиғада зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

87
Загрузка...