Өңірлер

Астанадағы "Барыс Аренада" терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр

© REUTERS / Shamil Zhumatovәскери жаттығулар
әскери жаттығулар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала тұрғындары мен қонақтардан сабыр сақтауды сұрайды

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Елордалық терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб аудандық әкімдік пен "Барыс Арена" СК аумағында жоспарлы жедел тактикалық оқу жаттығулар өткізіп жатыр, деп хабарлады Астана ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде. 

Жаттығулар мақсаты – елордалық жедел штабтың күштері мен құралдарының террористік сипатындағы қатерлер туындаған кезде өз міндеттерін орындауға әзірліктерін тексеру. Оқу-жаттығулар аясында арнайы операция жүргізу бойынша машықтаулар мен терроризм актісін барынша азайту бойынша іс-шаралар өткізілуде. 

Оқу-жаттығулар қиындықтың әртүрлі элементтерімен ұрыс жағдайларына  барынша жақындаған. Елорда қонақтары мен тұрғындарын жаттығуларға дұрыс көзбен қарап, сабырлық сақтауға шақырады. 


Жаңалықтар
0