жаңбыр

Еліміздің солтүстігі мен орталығында жұма күні жаңбыр жауады

11
Республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болжанады

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте екпінді жел шаңды дауылмен болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік  Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең  -  тұман болады.

Павлодар облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 17-22 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

 

 

11