Архивное фото исправительной колонии

Көкшетаудағы судья өліміне күдікті екі айға қамауға алынды

24
(Жаңартылды 15:02 16.06.2017)
Ақмола облыстық сотының судьясы Жанна Бердіғұлованың өліміне күдікті 13 тамызға дейін қамауға алынды

АСТАНА, 16 маусым — Sputnik. Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер бойынша коллегиясының төрайымы Жанна Бердіғұлованың өліміне күдікті сот шешімімен екі айға қамауға алынды, деп хабарлады сот баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Бастапқы тергеу органдары Медет Әбдірахмановты Қылмыстық кодекстің 99-бабында "Кісі өлтіру" қарастырылған қылмыс жасады деп күдіктенеді.

Бұл бап бойынша, күдікті он бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айырылып немесе өмір бойына түрмеге қамалуы мүмкін және мүлкі тәркіленеді.

Ақмола облысы ішкі істер департаментінің тергеушісі Көкшетау қалалық сотына бұлтартпау шарасы ретінде Әбдірахмановты екі айға "қамауға алу" туралы өтініш жазды.

"Әбдірахманов Медет аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінгендігін ескерсек, ол тергеуден қашып, қылмыстық істің әділетті тергелуіне кедергі жасауы мүмкін, сот бұлтартпау шарасы ретінде 2017 жылдың 13 маусымы мен 13 тамызы аралығында күдіктіні "қамауға алуға" шешім қабылдады", — деп атап өтті ведомствода.

24
Загрузка...