Өңірлер

Шымкентте кәріз жүйесін салып жатқан жұмысшылар үйінді астында қалып қойған

© Photo : Otyrar.kzШымкентте кәріз жүйесін салып жатқан жұмысшылар үйінді астында қалып қойған
Шымкентте кәріз жүйесін салып жатқан жұмысшылар үйінді астында қалып қойған - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бес метр тереңдікте топырақ астында бес жұмысшы қалып қойыпты

АСТАНА, 20 маусым — Sputnik. Шымкентте дүйсенбі күні түстен кейін жаңа кәріз жүйесін салу кезінде топырақ опырылып, жұмысшылар астында қалып қойды; оларды құтқару жұмысы бес сағаттан артық созылды, деп жазады жергілікті Otyrar.kz басылымы.

Шахта - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Степногорскідегі шахтада қара алтын іздеуші үйінді астында қаза тапты

Оңтүстік Қазақстан облысы төтеше жағдайлар жөніндегі департаментінің мәліметіне сүйенсек, жаңа кәріз жүйесін салу кезінде, ұзындығы он метр, тереңдігі төрт-бес метр жерде топырақ опырылған. Салдарынан бес ер адам үйінді астында қалып қойды, олардың бәрі аман-есен құтқарылды.

Зардап шеккендердің бәрі Шымкент жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. Кейінірек белігі болғандай, жұмысшылар тексерілген соң, ауруханаға жатудан бас тартыпты. Бұдан бөлек, құтқару кезінде ТЖД қызметкерінің омыртқасына зақым келіп, ауруханаға жатқызылды. Тексеру жүргізіліп жатыр.

 

Жаңалықтар
0