Өңірлер

Қостанайда үйіне ұры түскен мылқау әйел қорыққаннан айғайлап жіберген

CC0 / Nino Carè / Жәбірлеу
Жәбірлеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел адам өзін қылқындырып, қоқан-лоққы жасаған тонаушыларды түсінбей, қорыққаннан айғайлап жіберіпті

АСТАНА, 23 маусым — Sputnik. Рудныйдың екі тұрғыны ішімдік алуға ақша табу үшін Қостанайда пәтерлерді тонауға аттанады, екінші пәтердің иесі мылқау әйел қорқыныштан айғайлап жіберген, деп жазады "Наша газета" жергілікті басылымы. 

Алматыда пәтер тонаушылар ұсталды - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда пәтер тонаушылар жұрт алдында ұсталды

33 және 35 жастағы ер адамдар Қостанайға ақша табу үшін келеді, алайда жұмыс таппай, ішімдікке сылқия тойып, басқа жолмен пайда табуды көздейді, яғни пәтер тонауға кіріскен. 

Бірінші жәбірленуші 67 жастағы әйел адам болады. Пәтерге басып кірген ер адамдар үй иесін бірнеше рет ұрып, қылқындыра бастайды. Әйелдің айғайын естіп, көрші бөлмеден атып шыққан немересі құқық бұзушыларды қуып жіберген. 

Жарты сағаттан соң тонаушылар 1972 жылғы мылқау әйелдің үйіне басып кіреді. Олар әйелді соққыға жығып, ақша талап етеді, алайда құлағы мүлдем естімейтін әйел ер адамдарға не керегін түсінбей қояды. 

Тонаушылардың бірі шаш  бұйралағышты ұстап, сымын қолына орап, жәбірленушіге жақындай бергенде, қатты қорыққан әйелдің жан даусы шығып, айғайлап жібереді. Алайда, тонаушыларға не керектігін түсінген соң, қолда бар ақшасын бере салады – 12500 теңге. 

Қостанай прокуратурасы екі рудныйлыққа қатысты істі сотқа жіберді. Құқық бұзушылар жеті жылға дейін сотталып, мүлкі тәркіленуі мүмкін. 

Жаңалықтар
0