Өңірлер

Автобус жүргізушісі жолақысын алып жатып, троллейбусқа соғылған

© Photo : Предоставлено очевидцамиАлматыда автобус троллейбусқа соғылды
Алматыда автобус троллейбусқа соғылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоғамдық көлік ұшыраған жол апаты 23 маусымда болған, сегіз адам зардап шекті

АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Алматы қаласы "Мадина" автопаркінің директоры Бекежан Таныштықбай өз қарамағандағы автобус ұшыраған жол апаты туралы айтып берді.

Көлік апаты 23 маусым күні болған, автобус аялдамада тұрған троллейбусқа соғылыпты. Жол апаты Абай даңғылы бойында Байтұрсынов пен Масаншы көшелерінің арасында болған.  

"Мен тергеу жүргіздім. Таңғы 10.30-да, жер қара, күн жылыда алдыңда тұрған троллейбусқа қалай соғылып жүрсің дедім. Жүргізуші жағдайды былай түсіндірді: жолақысын алып, ақшаның қалғанын бергелі жатқанда, алдына қараса, троллейбус тұр екен, сөйтіп, бір-ақ соғылыпты", — деді Бекежан Таныштықбай. 

Жол апатынан кейін сегіз адам медициналық көмек сұрады. Олардың арасында ауыр жарақат алғандар жоқ. 

Жаңалықтар
0