Өңірлер

Байқоңыр маңында оба анықталған жоқ

© Sputnik / Медиабанкке өтузертхана
зертхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бұрын "Байқоңыр" кешенінің маңында қауіпті инфекциялық аурудың табиғи ошағы анықталды деп хабарланған болатын

АСТАНА, 8 шілде — Sputnik. "Левобережный" су алу аумағынан алынған дала материалдарының сынамаларынан оба анықталған жоқ, делінген Байқоңыр қала әкімшілігінің сайтында. 

"Байқоңыр" кешені "Левобережный" су алу аумағында эпизоотия анықталғаны туралы ақпарат түскен сәттен бастап мамандандырылған ұйымдар 17П алаңында және оған жақын аумақтарда профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілді", — делінген жарияланған мәтінде.

Су жинау қызметкерлерімен обаны алдына алу саласында санитарлық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Қала билігі қала сырты аумағына шығуды жоспарлайтын тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтануға кеңес береді. 


Жаңалықтар
0